Конустың табаны қандай фигура болып табылады?
Дөңгелек
Қиық конустың неше табаны бар?
Екі табаны бар (жоғарғы және төменгі)
Конустың остік қимасы — қабырғасы 10 см теңқабырғалы үшбұрыш. Конустың радиусы неге тең?
5 см
Конустың бүйір бетінің ауданын есептейтін формуланы атаңыз.
S= πRl
Қиық конустың остік қимасы қандай фигура болып табылады?
Теңбүйірлі трапеция
Конус жасаушысы l = 13 см, бииктігі h = 12 см. Табанының ауданын (S) табыңыз.
25π см²
Тик бұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда қандай дене пайда болады?
Конус
Қиық конустың жасаушысы 10 см, табан радиустары 2 см және 8 см. Биіктігін есептеңіз.
8 см
Қиық конустың табан радиустары 3 м және 6 м, бииктігі 4 м. Жасаушысын тап.
5 м
Конустың жасаушысы l = 5 см, радиусы R = 3 см. Биіктігін h-ты есептеңіз.
4 см
Қиық конустың толық бетінің ауданының формуласын жаз.
S = πl(R + r)+πR²+πr²
Конустың биіктігін 3 есе арттырса, оның көлемі қалай өзгереді?
Көлемі 3 есе артады
Конустың биіктігі 9 см, табан радиусы 4 см. Көлемін есептеңіз.
48π см³
(Есептелуі: V = 1/3 · π · 4² · 9 = 48π)
Қандай фигураны кіші қабырғасынан айналдырғанда қиық конус пайда болады?
Тік бұрышты трапеция
Конустың жазбасы — радиусы 12 см, бұрышы 120° сектор. Конустың табан радиусын тап.
4 см