№ 1 элементтің салыстырмалы атомдық массасы
№ 1 химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы 1-ге тең. (Н)
Бейметалдар нешінші топтарда орналасқан?
Бейметалдар IV -VII топтарда орналасқан.
Галоген сөзінің мағынасы
Тұз түзуші деген мағынаны білдіреді.
Инертті газдар ХЭПЖ қалай орналасқан?
VIII A тобында орналасқан.
3 периодта, ІІІ топта орналасқан элементтің валенттілігі нешеге тең?
3 периодта, ІІІ топта орналасқан элементтің валенттілігі ІІІ- ке тең. (АІ)
Берілген заттардың қайсысы артық? Себебін түсіндіріңіз Ca, P, CI, F, N
Берілген заттардың ішінде Ca артық, себебі ол металл, қалғандары бейметалл
Галогендерді атаңыз
F, CI. B, I, At
Гелий қайда қолданылады?
Шарлар үрлеу үшін қолданылады.
Металдардың агрегаттық күйі қандай?
Қатты, тек сынап қана сұйық металл.
Адам асқазанында болатын қышқылдың құрамына кіретін бейметалл
Адам асқазанында тұз қышқылы (НСІ) болады, оның құрамына СІ кіреді
1S2 2S2 2P5 электрондық формулаға сәйкес келетін бейметалл
Ғ фтор
1S2 2S2 2P6 электрондық конфигурациясы қандай элементке сәйкес келеді?
Аргон
1S2 2S2 2P6 3S2 3P6 3d6 4S2. Берілген электрондық конфигурация қай металға сәйкес келеді
Ғе темір
Сарғыш жасыл түсті, өткір иісті бейметалды атаңыз. Ол қайда қолданылады?
СІ хлор, ағартқыш заттардың құрамында, тазалағыш заттарда болады
H2 + CI2 = HCI реакция теңдеуін теңестіріп, барлық коэффициенттердің қосындысын табыңыз
H2 + CI2 = 2HCI коэффициенттердің қосындысы 3-ке тең.
Инертті газдарды атаңыздар
He, Ne, Ar, Kr, Xe, Rn
Электр тогын өткізетін екі металды атаңыз
АІ- алюминий, Сu-мыс
Тотықтырғыш қасиеті жоғары бейметалды атап, оңын ХЭПЖ орнын сипаттаңыз
Ғ фтор, 2 периодта, VII A топта орналасқан.
Хлор берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі: H2, Na, KOH, P, SO2? Реакция теңдеуін жазыңыз
Хлор H2, Na-мен әрекеттеседі.
H2 + CI2 = 2HCI
2Na + CI2 =2NaCI
Инертті газдардың сыртқы қабатындағы электрондар саны қанша? Себебін түсіндіріңіз
Инертті газдардың сыртқы қабатындағы электрондар саны 8, себебі VIII топта орналасқан.