Адалдық – тек үлкен адамдарға ғана керек қасиет.
Жоқ
Әр адамның ажырамас негізгі құқығы қалай аталады?
Өмір сүру құқығы
Заң бұзушылық дегеніміз не?
Заң талаптарын әдейі немесе байқаусызда бұзу
Неліктен адамдар адал адамдарға көбірек сенеді?
Адамдар адал адамдарға сенеді, өйткені олар ешқашан өтірік айтпайды, уәдесінде тұрады және жасаған ісі әрқашан шынайы болады. Адал адам ешкімге зиян келтірмейді, сондықтан оның сөзіне де, ісіне де сенім арту оңай.
Мектеп ережесін бұзу заң бұзушылыққа жата ма?
Ішкі тәртіп ережесін бұзу
Тапсырманы көшірмей орындау – адалдықтың көрінісі.
Иә
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әр азаматтың тегін орта білім алу құқығы бар ма?
Иә, бар
Кәмелетке толмағандар нешеден бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылады?
16 жастан
Әділдік болмаса, сыныпта қандай мәселелер туындайды?
Әділдік болмаған жерде балалар бір-біріне ренжиді, дау-дамай көбейеді. Кейбіреулер өздерін төмен сезінеді, ал кейбіреулер бәрін өзіне ғана алғысы келеді. Нәтижесінде сыныптағы тыныштық бұзылып, достық әлсірейді.
Біреудің затын рұқсатсыз алу қандай әрекет?
Құқық бұзушылық
Досыңа жалған сөйлеп көмектесу – әділдікке жатады.
Жоқ
Құқық пен бостандық адамға қашаннан бастап тиесілі?
Өмірге келген күннен бастап
Қылмыстық жауапкершілік нешеден басталады?
Жалпы 16 жастан, кейбір ауыр қылмыстар үшін 14 жастан
Егер барлық адам әділ болса, қоғамда не өзгереді?
Егер бәрі әділ болса, адамдар бір-біріне көбірек сенеді, дау-дамай азаяды, тәртіп жақсарады. Қоғамда тыныштық, бірлік, құрмет күшейеді. Әркім өз еңбегіне сай нәтиже алады, әділетсіздік болмайды.
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату неге әкелуі мүмкін?
Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке
Әділ адам әрқашан шындықты айтады.
Иә
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғайтын негізгі халықаралық құжат?
Бала құқықтары туралы конвенция
Қоғамдық тәртіпті бұзу қандай жауапкершілікке әкелуі мүмкін?
Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік
Адалдық пен сенімнің арасындағы байланыс қандай?
Адал адам — сенімнің негізі. Адам адал болса, айналасындағылар оның сөзіне сенеді, өйткені ол өтірік айтпайды, өзгеге қиянат жасамайды. Сенім — адалдықтың арқасында пайда болады және уақыт өте нығая береді.
Куә бола тұра қылмыс туралы хабарламау не болып саналады?
Заң алдындағы жауапсыздық
Ұсақ заттарды рұқсатсыз алу – адалдыққа сәйкес емес.
Иә
Адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуге бола ма? Қандай жағдайда?
Тек заңмен және қоғамдық қауіпсіздік үшін ғана
Жауапкершіліктің қандай түрлері бар?
Әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, тәртіптік
Әділ адамға қиын жағдайларда қандай қасиет керек?
Қиын жағдайда әділ болу үшін батылдық, шыншылдық, шындықты қорғау, дұрысты таңдай білу қасиеттері қажет. Егер адам батыл болса, ол әділетсіздікке қарсы тұра алады.
Заңды білу мен оны сақтау арасында қандай байланыс бар?
Заңды білмеген адам оны жиі бұзады