Қазақстан бүгінгі таңда БҰҰ-ның қанша ұйымы мен бағдарламасына мүше?
16 ұйым
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 1996 жылы алғаш құрылғанда қалай аталды?
«Шанхай бестігі»
2010 жылы Семей полигонына арнайы келген БҰҰ Бас хатшысы кім?
Пан Ги Мун
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыты қалай аталады?
Көпвекторлы сыртқы саясат
2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада қай ұйымның 7-ші саммиті өтті?
ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы).
1992 жылы Ташкентте қол қойылған әскери-саяси ұйымның атауы?
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ)
1999 жылы Семейдегі сынақ салдарларын жоюға арналған конференция қай қалада өтті?
Токио
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ресми дипломатиялық байланыс қай жылы орнады?
1993 жылы
Қазақстан 1995 жылдан бастап мүше болған, мұсылман елдерімен сауда және технологиялық байланысты нығайтатын ұйым қалай аталады?
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ)
1994 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында қандай қауымдастық құрылды?
Орталық Азия экономикалық қауымдастығы
БҰҰ мәліметі бойынша (2002 ж.), Семей өлкесін қалпына келтіру үшін қанша миллион АҚШ доллары бөлінді?
26 млн доллар
ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті неше жылдық үзілістен кейін өтті?
11 жылдық үзілістен кейін
ЕҚЫҰ айналысатын мәселелер шартты түрде неше «себетке» бөлінеді?
Жауабы: 3 топқа (әскери-саяси, экономикалық-экологиялық, гуманитарлық
2000 жылы 10 қазанда құрылған экономикалық ұйым қалай аталады?
Еуразиялық экономикалық қауымдастық
ЕвраАзЭҚ
БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен Семей аймағын оңалту туралы резолюцияларды қай жылдары қабылдады?
1997, 1998, 2000 және 2010 жылдары
Астана саммитінде Қазақстан есірткі жолдарына тосқауыл қою үшін кімдердің кеңесін құруды ұсынды?
ЕҚЫҰ елдері министрлерінің кеңесін
Қазақстан бүгінде БҰҰ-ға мүше қанша мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатқан?
184 мемлекет
ҚР Тұңғыш Президенті интеграцияны жаңғырту үшін ұсынған 3 бағытты атаңыз.
Біріңғай энергетикалық консорциум, біріңғай көлік жүйесі, біріңғай нарық
2002 жылы Семей полигонына келген БҰҰ Бас хатшысын атаңыз
Кофи Аннан
ШЫҰ-ға 2001 жылы қай мемлекет қосылған соң атауы өзгерді?
Өзбекстан