Қандай ыдыстан тамақ іше алмайсың?
👉 Жауабы: Бос ыдыстан.
Бәйтерек бұтағымен,
Адам ұрпағымен жасайды.
Кішкене ғана тостаған
Жер дүниені бастаған.
Көз
Адам денесіндегі ең үлкен мүше қандай?
Жауабы: Тері.
Жұмсақ ағаш құртқа жем,
Жуас адам жұртқа жем.
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
Құлақ
Бір отбасында 5 қыз бар. Әр қыздың бір ағасы бар. Отбасында барлығы неше бала?
Жауабы: 6 бала.
Адам көркі - шүберек,
Ағаш көркі - жапырақ.
Балдан тәтті,
Мақтадан бағасы,
Базарға апарып сатсаң,
Бір тиындық бағасы да жоқ.
Ұйқы
Тарихта ең үлкен бас киімді кім киген
Басы үлкен адам
Темірді от, ағашты мөр,
адамды сөз балқытады.
Бар екен бір жыланның отыз іні,
Түп-түзу бұл жыланның жоқ дүр мені.
Ғажайып бір мінезі тағы да бар,
Шықпайды бір інен күндіз-түні.
Жұлын