Қазақстан Республикасының Конституциясының қай бабында мемлекеттік тілдің мәртебесі берілген?
7 бап
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша азаматтардың заң мен сот алдында теңдігі қай бапта бекітілген?
14-бапта.
Шығармада автор халықты ұйқыдан оянуға, білімге, елдікке шақырады. Атауы кішкентай жәндіктің атымен байланысты. Бұл қай кітап?
Маса
«Кісі елінде сұлтан болғанша, ...»
👉 өз еліңде ұлтан бол.
Кола ең алғаш не болған?
Сироп
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
130 дан астам
«Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторын атаңыз?
«Тәуке хан»
Дулат Исабековтың "Сүйекші" повесіндегі «Аманат», «Кеңкелес», «Үндемес» деген аттармен аталған кейіпкердің шын есімі кім?
Тұңғыш
"Ит тойған жеріне,..."
👉 ер туған жеріне.
Адам оны қолданбай тұрып сындыру керек?
Жұмыртқа
Қазақстан Тәуелісіздігін жариялағаннан кейін елдің алғашқы премьер-министрі болған тұлғаны атаңыз?
Сергей Терещенко
Қазақстанның Республикасының мемлекеттік әнұраны қашан қабылданды?
2007 жылғы 6 қаңтар
Ілияс Есенберлиннің қазақ халқының тарихына арналған әйгілі трилогиясы қалай аталады?
«Көшпенділер» трилогиясы.
Жақсыдан шарапат, ...»
👉 жаманнан кесапат.
Егер сіз жарыста екінші орындағы адамды басып озсаңыз, өзіңіз нешінші орын боласыз?
Екінші орында
«Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен емле мәселелерін ғылыми тұрғыдан жүйелеген, қазақ әліпбиін реформалаған» ғалым кім?
Ахмет Байтұрсынұлы.
Қазақстан Республикасының азаматының негізгі міндеттерінің бірі ретінде Отанды қорғау туралы қай бапта айтылған?
36-бап
Бұл шығармада автор өз өмір жолын, балалық шағын, отбасын, тәрбиесін және ел арасындағы салт-дәстүрді еске алады.
Бұл қай шығарма?
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
«Тау мен тасты су бұзар, ...»
👉 адамзатты сөз бұзар.
Жаңбыр жауғанда қоян қандай ағаштың астына тығылады?
Су (ылғал) ағаштың
2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай әлемнің қай қаласындағы биік ғимарат Қазақстан туының түсімен боялды?
Дубай
Халықаралық деңгейде мемлекеттер арасындағы дауларды шешетін, БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы) негізгі сот органы орналасқан қала?
Гаага (Нидерланд, Халықаралық Сот).
Өзінің сүйгені Шұғаға қосыла алмай, махаббат жолында қайғылы тағдырға ұшыраған кейіпкер кім?
Әбдірахман
«Жылқы кісінескенше, ...»
👉 адам сөйлескенше.
Екі әкесі және екі ұлы 3 алманы бөліп жеді. Әрқайсысында бүтін бір-бірден алмадын тиді. Бұл қалай мүмкін болды?
Олар үш адам болған: атасы, әкесі және баласы (әкесі өз баласына әке, ал атасына ұл болады)