Ұн алу үшін қолданылтаны дәнді дақылдар.
Бидай, қарабидай, тратикал, сұлы, арпа, жұгері.
Бұршақ тұқымдас өнімдерге не жатады?
Бұршақ, үрме бұршақ, жасымық, ноқат, соя
Дәннің негізгі бөліктері қандай?
Қабықша, эндосперм және ұрық.
Целлюлоза тағы қалай аталады?
Жасұнық
Ежелгі адамдар бидайды бастапқыда қазіргі біз білетіндей нан жасау үшін емес, дәнін басқа түрде пайдаланған. Бидайды тағамға айналдырудың алғашқы маңызды қадамы қандай болды?
Дәнді ұнтақтап, ұн жасау.
Қарабидай ұны қандай нан жасалуға қолданылады?
Қара нан
Бұршақ тұқымдас өнімнің құрамында қай қоректік зат көп кезлеседі?
Ақуыз
Дәннің ең негізгі бөлігін қандай бөлік құрайды?
Эндосперм
Целлюлоза дәннің қай бөліктерінде кездеседі?
Кебек пен қабықшада
Қарақұмық атауында «қара» және «құмық» деген сөздер болғанымен, ол нағыз дәнді дақыл емес. Сонда ол қандай өсімдік тобына жатады?
Жалған дәнді дақылдарға жатады.
Неліктен ұнды ылғал және жылы жерде ұзақ сақтауға болмайды?
Ылғал мен жылу ұнның бұзылуын тездетіп, көгеруге алып келеді
Бұршақты пісірер алдын неліктен суға салады?
Дәндегі көмірсулардың негізгі бөлігін қандай зат құрайды?
Крахмал
Ферменттер дегеніміз не?
Биохимиялық үдерістерді реттейтін ерекше ақуыздар.
Бұршақ тұқымдастардың құрамында ақуыз көп, ал дәнді дақылдарда крахмал көп болады. Осы екі өнімді бірге қолданудың тағамдық тұрғыдан қандай артықшылығы бар?
Олар бірін-бірі толықтырып, ақуыз бен көмірсулардың жақсы үйлесуін қамтамасыз етеді.
Ұнның құрамындағы крахмал нан илегенде қандай қызмет атқарады?
Суды сіңіріп алады
Ноқат пен жасымық қандай тағамдар жасауға қолданылады?
Сорпа, пюре, салат және гарнилер жасауға қолданылады.
Дәннің ұрығында қандай негізгі қоректік заттар кездеседі?
Ақуыздар, майлар, дәрумендер және минералды заттар.
Мальтозаның нан өндірісіндегі маңызы неде?
Ол ашытқының спирттік ашуына қатысып, қамырдың көтерілуіне әсер етеді.
Күріш, жүгері және бидайдың үшеуінде де крахмал бар. Бірақ олардың бәрінен бірдей нан пісіру қиын. Бұған қандай заттың жетіспеуі себеп болуы мүмкін?
Клейковина түзетін ақуыздардың жеткіліксіз болуы.
Бидай ұнының жоғары сұрыбы мен бірінші сұрыбының негізгі айырмашылығы неде?
Жоғары сұрыпты ұн жақсырақ тазартылған және түсі ашығырақ, ал бірінші сұрыпты ұнның қабыршақ бөліктері көбірек кезлеседі
Бұршақ тұқымдас өнімдерді дұрыс сақтамағанда қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Ылғалдануы, көгеруі, зиянкестердің пайда болуы және сапасының төмендеуі мүмкін.
Дәннің химиялық құрамына қандай негізгі заттар кіреді?
Көмірсулар, ақуыздар, майлар, су, минералды заттар және дәрумендер.
Неліктен крахмал нанның құрылымына әсер ететін маңызды көмірсу болып саналады?
Ыстық суда крахмал клейстерге айналып, қамыр мен дайын нанның физикалық қасиеттеріне әсер етеді.
Дәннің эндоспермінде крахмал көп, ал ұрығында май мен дәрумендер көбірек болады. Егер дәннің ұрығы өңдеу кезінде бөлініп алынса, қандай қоректік заттардың мөлшері айтарлықтай азаюы мүмкін?
Майлар, дәрумендер және кейбір минералды заттар.