Бұл тұлға бала кезінен әжесінің тәрбиесін көріп өсті. Әжесінен ертегі, аңыз, жыр-дастандар тыңдап, халықтың сөз өнеріне қанықты. Кейін өзі де ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып, қазақтың ұлы ақынының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеді. Оның еңбегі арқылы сол ақынның тұлғасы қазақ халқынан асып, әлем оқырманына кеңінен танылды.
Сұрақ: Әжесінің әңгімелерінен нәр алып, ұлы ақынның есімін әлемге танытуға зор үлес қосқан бұл тұлға кім?
Мұхтар Әуезов
1930 жылдан бастап футболдан әлем чемпионаттары 4 жыл сайын өткізіліп келеді. Чемпионатқа
ФИФА-ға мүше елдердің әуесқой футболшыларынан құралған командалар ғана қатыса алады? 2014-2026
жылдар арлығында әлем чемпионаты өткен 4 елді атаңыз.
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Түркі тілдер тобына жатады.
Қазақтың жыл қайыруында жылқы жылы нешінші орналасқан?
ЖЕТІНШІ
Ағылшын әдебиетінің ұлы драматургі. Оның шығармаларында Гамлет, Отелло, Лир король сияқты әйгілі кейіпкерлер бар.
Уильям Шекспир.
Ол – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы.1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында боз кілемде ел намысын қорғады.Грек-рим күресінен өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.Кейін қазақ спортының дамуына үлес қосты.Бұл кім?
Жақсылық Үшкемпіров
«Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген, қазақ қыздарының арсынан тұңғыш рет «Халық қаһарманы» атағына ие болған өнер қайраткерін белгілеңіз.
Роза Бағланова
Өз тілің - бірлік үшін ...
Мақалды жалғастырыңыз.
Өзге тілің - тірлік үшін.
Игі тілекпен әндетіп үй-үйді аралау дәстүрі қалай аталады?
Жарапазан
Бұл шығармада теңізде жалғыз қалған қарт балықшының табиғатпен және өз-өзімен күресі суреттеледі. Авторына әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы берілген.
Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз».
Бұл тұлға бала кезінде азан шақырылып қойылған есімімен емес, кейін елге кеңінен танылған басқа есімімен тарихта қалды. Қазақстандағы ғылымның қалыптасуына жол ашты. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті атанды.
Сұрақ: Азан шақырылып қойылған есімі Ғабдулғани болған бұл ұлы ғалым кім?
Қаныш Сәтбаев
Көптеген планеталардың атауы қазақшаға аударылған,мысалы Венера-Шолпан, Юпитер қазақша қалай болады?
Есекқырған
Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен халықаралық 6 тілді атаңыз.
қытай тілі, араб тілі, ағылшын тілі, испан тілі, француз тілі, орыс тілі
Сыбаға дегеніміз не? Қандай дәстүр?
Құрметті қонаққа арнап сақтаған кәделі ет мүшелері.
Бұл шығармада бір әулеттің ғана емес, тұтас қазақ қоғамының бірнеше буынының тағдыры қамтылады. Оқиғалар өзегінде жас кезінен білімге құштар болып, ел ішіндегі тартыстарды көре жүріп, ойшылдық пен ақындық биікке көтерілген тұлғаның өмір жолы суреттеледі. Оның әкесі мен айналасындағы ел адамдары, жары мен балалары, досы мен қарсыластары арқылы сол дәуірдің қоғамдық шындығы кең бейнеленеді. Қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде танытқан бұл шығарма қалай аталады және басты кейіпкері кім?
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы, басты кейіпкері — Абай.
Қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер әйел, қазақ қыздарының арасынан медицина саласында жоғары білім алған алғашқы тұлғалардың бірі кім?
Аққағаз Досжанова
Наурыз мерекесімен қайта қауыштырып, қазаққа “Айтыс” өнерін қайта оралтқан, Яссауи кесенесін қалпына келтіруге ұйытқы болып, Тайқазанды елге қайтаруға мұрындық болған мемлекет қайраткері кім?
Өзбекәлі Жәнібеков
«Тіл өлсе, халық та жоғалады» деген нақыл сөздің авторын атаңыз.
Ахмет Байтұрсынов
Дәстүрлі дастарқанның басты тағамы –.... Қонаққа тартылатын ...... өз ретімен, жас ерекшелігі мен дәрежесіне қарай бөлінеді.
Дәстүрлі дастарқанның басты тағамы – ет.Қонаққа тартылатын малдың мүшелері өз ретімен, жас ерекшелігі мен дәрежесіне қарай бөлінеді.
Ол – бауырлары үшін өз өмірін құрбан етуге дайын, отбасының бар жауапкершілігін мойнына алған қайсар қыз. Жеке бақытынан гөрі бауырларының болашағын жоғары қояды.
Дулат Исабеков «Әпке»
Әлем мықтылары 30 жыл бойы шеше алмаған “Нагата есебін” шешкен қазақ математигі кім?
Уалбай Өмірбаев
Ол Кембридждегі Халықаралық биографиялық орталықтың шешімімен дүниежүзі физиктерінің арасында «ХХ ғасырдың көрнекті адамы»атағын алған.Бұл атақты қазақ ғалымы жапондардың ұсынысымен 1999 жылы алған.Сондай-ақ ол-әйгілі Оксфорд университетінде дәріс оқыған алғашқы қазақ.Бұл қай ғалым?
Темірғали Көкетаев
Қазақ тіліндегі бір ғана сөз кей жағдайда әрі «үй», әрі «отбасы», әрі «ошақ», әрі «ата қоныс» ұғымдарын білдіруі мүмкін. Қазақ дүниетанымында бұл сөз адамның туған жері мен отбасына деген байланысын да аңғартады.
Осы сөзді атаңыз.
Шаңырақ
Қазақ ежелден тұрмыс- салт ерекшеліктеріне қарай түрлі өлшемдерді пайдаланған. Елі сөзі қазы майының қалыңдығы, ою-өрнек өлшеу үшін қолданылған. Өлшем қай саусаққа негізделген.
Сұқ саусақ
Бұл шығармада қазақ халқының басынан өткен ең ауыр тарихи кезеңдердің бірі бір әулеттің тағдыры арқылы суреттеледі. Аштық, елдің босуы, туған жерден айырылу, халықтың жан сақтау үшін арпалысы шығарма өзегіне алынған. Кейін бұл шығарма желісімен көркем фильм де түсірілді. Бұл туындыны Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев оқуға ұсынған жеті кітаптың қатарына енгізді. Шығарма атында сын есім қатысады.
Сұрақ: Шығарманың атауы мен авторын атаңыз.
Смағұл Елубай — «Ақ боз үй» романы.