Өсімдіктердің фотосинтез процесі жүретін негізгі органоид:
Хлоропласт
Саңырауқұлақтардың жасуша қабықшасы неден тұрады?
Хитин
Бактериялардың жасушасында ядроның болмауына байланысты олар қалай аталады
Прокариоттар
Қанға қызыл түс беретін эритроцит құрамындағы пигмент:
Гемоглобин
Жасушаның энергетикалық станциясы болып табылатын және АТФ синтездейтін органоид:
Митохондрия
Қосжарнақты өсімдіктерге тән белгі:
Тұқымында екі жарнағы болуы
Сүтқоректілердің жүрегі неше камералы?
4 камералы (екі жүрекше, екі қарынша)
Қанның сұйық бөлігі қалай аталады?
Плазма
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
қырықбуындар және плаундар қырықжапырақтәрізділер
Жасушаішілік ас қорытуды жүзеге асыратын, құрамында ас қорыту ферменттері бар мембраналы органоид:
Лизосома
Қосмекенділер класына жататын жануар:
бақа
Жүйке ұлпасының негізгі қызмет атқаратын жасушасы:
Нейрон
Құстардың ұшуына байланысты тыныс алу жүйесінде пайда болған ерекшелі
Қос тыныс алу және ауа қапшықтарының болуы
Бұлшықеттің жиырылуы кезінде энергетикалық алмасудың анаэробтық (оттегісіз) кезеңінде қандай қышқыл жиналып, шаршау сезімін тудырады?
Сүт қышқылы (лактат)
Адамның үлкен қан айналым шеңбері қай жерден басталып, қай жерде аяқталады?
Сол қарыншадан басталып, оң жүрекшеде аяқталады
Адамның қаңқа бұлшықеттері қандай ұлпа түрінен түзілген?
Көлденең жолақты қаңқа бұлшықет ұлпасы
Адам ағзасындағы сыртқы секреция бездеріне жатады:
Сілекей бездері
Қанның ұю процесіне қатысатын негізгі пішінді элементтер (жасушалар) мен ақуыз
Тромбоциттер және фибриноген
Жұлынның адам ағзасында атқаратын негізгі екі қызметі:
Рефлекторлық және өткізгіштік
Бунақденелілердің тыныс алу жүйесі не арқылы жүзеге асады?
Кеңірдектер
ми сауытының жұп сүйегі.
Самай
Буынаяқтылар типіне тән ерекшелік:
Хитинді сыртқы қаңқа және бунақталған аяқтар
Сүйектің көлденеңінен өсуін және қоректенуін қамтамасыз ететін қабық:
Сүйекқап
Жабықтұқымды өсімдіктердің ашықтұқымдылардан басты айырмашылығы:
Тұқымның жеміс ішінде қорғаныста орналасуы және гүлдің болуы
Жүйке импульсінің нейрон бойымен (аксон арқылы) таралу табиғаты қандай?
Биоэлектрлік импульс