Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы?
180°
Қазақ хандығы ресми түрде қай жылы құрылды деп есептеледі?
1465–1466 жж.
«Асар» дәстүрінің әлеуметтік маңызы қандай болған?
Қоғамдық ынтымақты күшейту, бір-біріне тегін көмек көрсету арқылы қауымдастықты нығайту.
2024 жылы өткен Жазғы Олимпиада ойындары қай қалада өтті?
Париж
Футболдан әлем чемпионаты неше жылда бір рет өткізіледі?
4 жыл
25%-ы 50-ге тең санды табыңыз.
200
Қазақтың дәстүрлі күй өнерінің ең көрнекті композиторы, «күй атасы» атанған тұлға кім?
Құрманғазы Сағырбайұлы.
Қазақ дәстүріндегі «Құн дауы» ұғымы нені білдіреді?
Кісі өлтіру немесе ауыр қылмыс үшін материалдық өтем төлеу арқылы дауды шешу.
Жасанды интеллектке негізделген ең танымал тілдік модельдердің бірі – ChatGPT-ні жасаған компания қалай аталады?
OpenAI
Қазақстан тарихындағы ең жас Олимпиада чемпионы кім?
Бекзат Саттарханов — 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы (бокс).
Ол алтын медаль жеңіп алған кезде 20 жаста болды.
Қатар: 2, 6, 12, 20, 30, … Келесі санды табыңыз.
42
(Заңдылық: +4, +6, +8, +10, +12)
«Жеті жарғы» заңдар жинағын жүйелеген қазақ ханы кім?
Тәуке Хан
Мақалды жалғастырыңыз.
Байлық — байлық емес, …
Байлық — байлық емес, бірлік — байлық.
Қысқы олимпиада 2026ж ойындарында Қазақстан құрамасынан алғаш алтын алған спортшы кім?
Михаил Станиславович Шайдоров
Бердібек Соқпақбаевтың шығармасы негізінде түсірілген фильм
Менің атым Қожа
Үшбұрыштың бір бұрышы 90°, екіншісі 40°. Үшінші бұрыш неге тең?
50°
Қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үйдің негізгі ағаш қаңқасын құрайтын үш бөлігі қалай аталады?
Кереге, уық, шаңырақ.
Қазақ қоғамындағы «Жеті жарғы» заңдар жинағы қандай үш негізгі бағытты қамтыды?
Жер дауы, жесір дауы, құн дауы (сонымен қатар әскери, салық және қылмыстық нормалар).
Қазақстанда алғаш Климаттық технологиялар ойлап тапқан инженер ғалым кім?
Алтай Айнабек
«Титаник» фильмінің режиссері кім?
Джеймс Кэмерон
Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 6 см және 8 см. Гипотенузасын табыңыз.
Жауап: 10 см
(Пифагор теорема бойынша шығарылады)
Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Керей мен Жәнібек хандар алғаш қоныстанған және дербес хандықтың негізі қаланған тарихи аймақ қалай аталады?
Моғолстан аумағындағы Қозыбасы өңірі (Жетісу).
Ұлы Абайдың 17- қара сөзінде айтылған Үш қасиетті атаңыз.
«нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат»
COP28 климаттық саммиті 2023 жылы қай елде өтті?
Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай)
Қазақ кино өнеріндегі тұңғыш толықметражды дыбысты көркем фильм қалай аталады және ол қай жылы түсірілді?
«Амангелді» фильмі, 1938 жыл.