Темір дәуіріне дейін адамдар қандай металды көп қолданды?
Қола
Аязды қыстан аман өтуге арналған жайылым қалай аталады?
Қыстау
Киіз үйдің сыртын жабатын қалың жүн мата қалай аталады?
Киіз
Көшпелілердің ең басты аспан құдайы қалай аталды?
Көк Тәңірі
Егіншілікті жеңілдеткен қандай екі темір құрал пайда болды?
Темір кетпен мен орақ
Көктемде мал төлдейтін жайылым қалай аталады?
Көктеу
Киіз үйдің төбесіндегі жарық пен түтін өтетін дөңгелек ағаш.
Шаңырақ
Нәрестелер мен аналарды қорғаушы қасиетті күш.
Ұмай ана.
Жылқыны мінуді жеңілдетіп, мал бағуды ыңғайлы еткен темір әбзелдерді ата.
Үзеңгі мен ауыздық.
Ұзақ жолға төзімді, көшкенде жүк тасуға ең ыңғайлы түлік түрі.
Түйе
Киіз үйдің торланған ағаш қабырғасы мен төбесін тіреп тұратын ұзын таяқтар қалай аталады?
Кереге және уық.
Тайпаның шыққан тегі саналатын қасиетті жануар қалай аталады және батылдық белгісі қай аң?
Тотем; бөрі (қасқыр).
Темірдің қоладан басты екі артықшылығын және оны өндіретін шебердің атауын айт.
Табиғатта жиі кездеседі, әлдеқайда берік; ұста.
Көшпелі мал шаруашылығына көшуге себеп болған басты екі жағдайды ата.
Климаттың өзгеруі (қуаңшылық) және мал басының өсуі.
Киіз үйдің көшпелі өмірге ыңғайлы болуының 3 басты ерекшелігін ата.
Жеңіл, жиналмалы, қыста жылы (немесе жазда салқын).
Көшпелілердің ежелгі сенімінен бүгінге дейін жеткен 2 салт-дәстүрді немесе ырымды ата.
Отқа май құю (отқа түкірмеу), босағаны баспау, Наурыз тойлау, жеті атаны білу, бата беру (кез келген екеуі).