Компьютер дегеніміз не?
Ақпаратты қабылдайтын, өңдейтін, сақтайтын және шығаратын электрондық құрылғы.
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан.
Монитор не үшін қажет?
Ақпаратты экранда көрсету үшін қажет.
Пернетақта қандай қызмет атқарады?
Компьютерге мәтін, сандар және командалар енгізеді.
Тышқан қандай құрылғы?
Ақпаратты енгізу және компьютерді басқару құрылғысы.
Монитор не үшін шығару құрылғысы деп аталады?
Себебі компьютер өңдеген ақпаратты адамға көрсетеді.
Пернетақта мен тышқанның қандай ұқсастығы бар?
Екеуі де ақпаратты компьютерге енгізуге және оны басқаруға көмектеседі.
Принтер мен монитордың айырмашылығы қандай?
Монитор ақпаратты экранда көрсетеді, ал принтер ақпаратты қағазға шығарады.
Құлаққап пен микрофонның қызметі қандай?
Құлаққап дыбысты шығарады, микрофон дыбысты енгізеді.
Компьютер дыбыс шығарады, бірақ сен оны естімейсің. Қандай құрылғыны тексерер едің?
Динамикті немесе құлаққапты тексерер едім.
«Принтер — енгізу құрылғысы, себебі оған компьютерден ақпарат келеді» деген жауап дұрыс па?
Жоқ. Принтер — шығару құрылғысы, себебі ол компьютердегі ақпаратты қағазға шығарады.
Сенде монитор, пернетақта және принтер бар. Бірақ компьютердің өзі жоқ. Олармен компьютер жұмыс істей ме?
Жоқ. Ақпаратты өңдеу үшін компьютердің негізгі бөлігі — жүйелік блок қажет.
Монитор жұмыс істейді, бірақ экранға мәтін жаза алмайсың. Қай құрылғыда мәселе болуы мүмкін?
Пернетақтада мәселе болуы мүмкін, себебі мәтінді пернетақта арқылы енгіземіз.
Экрандағы нысанды таңдап, оны басқа жерге жылжыту үшін қандай құрылғыны қолданасың?
Тышқан.
Тышқан жоқ, бірақ компьютерді басқару керек. Оның орнына қандай құрылғыны қолдануға болады?
Пернетақтаны қолдануға болады. Мысалы, көрсеткі пернелері арқылы.
Компьютердегі есептеулер мен командаларды өңдейтін негізгі элемент қайсы?
CPU (процессор).
Сен компьютерге жаңа ойын немесе бағдарлама орнатқың келеді. Ол ұзақ уақытқа сақталуы керек. Қай құрылғы қажет?
SSD немесе HDD.
Компьютер қосылмай тұр. Электр энергиясын компьютердің ішкі бөліктеріне жеткізетін жүйелік блок элементі қайсы?
қуат көзі
Компьютерде сурет немесе видео ойын кезінде дұрыс көрсетілуі үшін қай жүйелік блок элементі маңызды?
GPU (бейне карта).
Компьютердің барлық негізгі бөліктері бір-бірімен байланысуы керек. Оларды байланыстыратын негізгі тақша қалай аталады? Оның қызметі қандай?
Motherboard (аналық тақша). Ол CPU, RAM, SSD/HDD, GPU және басқа компоненттердің бір-бірімен байланысуын қамтамасыз етеді.
YouTube саған қандай видеолар ұнайтынын қалай біледі? ЖИ-ға қандай деректер қажет болуы мүмкін?
Көрген видеолар, іздеу тарихы, лайк, қарау уақыты сияқты деректер қолданылады. ЖИ осы деректерді талдап, қандай видео ұсыну керегін анықтайды.
Сен Google Maps қолданғанда, бағдарлама саған ең жылдам жолды ұсынады. ЖИ үшін қандай деректер маңызды болуы мүмкін?
Орналасқан жер, жолдар, көлік жылдамдығы, кептеліс туралы деректер. ЖИ осы ақпаратты талдап, бағыт ұсынады.
Мектептегі ақылды камера адамның бет-жүзін таниды. Егер ЖИ-ға сапасыз немесе қате деректер берілсе, қандай мәселе болуы мүмкін?
ЖИ адамды дұрыс тани алмауы немесе басқа адаммен шатастыруы мүмкін. Сондықтан ЖИ үшін сапалы және дұрыс деректер маңызды.
Сен интернет-дүкеннен бірнеше рет спорттық киім іздедің. Кейін саған спорттық киімдердің жарнамасы көп көрсетіле бастады. Бұл жерде деректердің қандай рөлі бар?
Іздеу және қарау әрекеттері туралы деректер жүйеге адамның қызығушылығын түсінуге көмектеседі. Осы деректер негізінде ЖИ ұқсас тауарларды ұсынуы мүмкін.
Екі оқушы ЖИ-ға бірдей сұрақ қойды, бірақ ЖИ әртүрлі жауап берді. Бұл жағдайға деректердің әсері болуы мүмкін бе? Неліктен?
Иә, болуы мүмкін. ЖИ-дың нәтижесіне қолданылған деректердің сапасы, көлемі және ерекшеліктері әсер етеді. Дерек дұрыс болмаса, нәтиже де қате болуы мүмкін.