"Көксерек", "Қараш-Қараш оқиғасы" кімнің туындылары?
М. Әуезов
"Қараш-Қараш оқиғасындағы" Бақтығұлдың прототипі кім?
Рысқұл
Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл боп кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара, қой балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық.
Құрмаштың әкесі
Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузында екі аяқтылар жыбырлайды.
Адамдардың қасқыр апанындағы бөлтіріктерді өлтіріп, жалғыз Көксеректі алып кету сәті
... тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса жаламайды, жемейді. Жалғыз-ақ кісі көзі тайса болды, қазір жоқ қылады.
Көксерек
М. Әуезов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
1897 жылы Абай ауданындағы Бөрілі ауылында
"Қараш-Қараш оқиғасы" қай жерде болған?
Іле Алатауындағы Қараш жотасы
Кескен теректей құлатты ғой мені. Қу жоқшылық бір құлатты. Аямас дұспан соққы жазасы әпкетті, міне, - бар дәрменімді...
Тектіғұл
Аттылар шошынып, улап-шулап үйіліп қалды. Жалғыз Бақтығұл болыстың құлағанын көріп қалып, енді шапшаң төмен түсе бергенде, артта келе жатқан әйелдің: - Ойбай, Бақтығұл, - деп саңқ етіп қалған дауысын естіді.
Бақтығұлдың Жарасбайды атып, кек қайтаруы
Өзі кесек балуан денелі, иықты, кеуделі келген. Қалың тік қара мұртты, көп сөйлемейтін, жасы 36-37-лерде.
Бақтығұл
"Қараш-Қараш оқиғасының" желісімен түсірілген асуда атылған оқ фильмінің режисері
Сүйменқұл Шоқмаров
1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болған фильм.
"Көксерек"
Іздегендеріңнің өзі сол, бәрін істеп жүрген сол. Енді соны бір қолға берсе-ау
Бейсенбай
Жолдастары Жамантайдың атын атап, дыбыс бергенде, бірқалыпты ыңқылдан басқа жауап естілмейді. Жатқан жалғыз кісі сияқты. Кім екені белгісіз. Басынан қан ағып жатыр екен.
Барымтадан кейінгі көрініс
Көксеректі жеңген иттің аты
Аққасқа