Қыран құстарды баптап, аң аулау өнері қалай аталады?
Құсбегілік
Қазақ фольклорының алғашқы зерттелу кезеңі қай ғасырларды қамтиды?
XVIII ғасырдан XIX ғасырдың ортасына дейінгі кезең.
Қазақтың ән өлеңдерін арнайы зерттеген зерттеуші-музыкатанушы ғалымдар мен композиторларды атаңыз.
А. Жұбанов, М. Төлебаев, М. Ахметова, Б. Ерзакович.
Қазақ ұғымында сиыр малының пірі кім?
Зеңгі баба
Ұлыстың ұлы күні» (1991) еңбегінде Шығыс ойшылдарының Наурыз туралы деректерін жинақтап зерттеген ғалым кім?
С.Негимов
Қазақтың дәстүрлі аңшылығында қандай қыран құс кең қолданылған?
Бүркіт
Халық өлеңдерінің көне үлгілері кездесетін Махмұт Қашқаридың әйгілі еңбегі қалай аталады?
Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы»).
Жаңа көшіп келген көршіге арнап ақ дастарқан жайып, қонаққа шақыру (жастарды бауырмалдыққа баулиды).осы салттың аты қандай
Ерулік
Түйе малының иесі әрі пірі қалай аталады?
Ойсыл қара
Наурыз мейрамының «бес мың жылдық ұзақ тарихы бар» деп қай шығыс ақыны өзінің «Трактатында» (1961) жазған?
Омар Хайям
Саятшылық дегеніміз не?
Қыран құстармен аң аулау өнері.
Халық өлеңдерінің ең ескі жазба үлгілері Махмұт Қашқари еңбегінен өзге тағы қай жазбаларда кездеседі?
Орхон-Енисей жазбаларында.
Тоқымқағар деген қандай салт
Отбасы мүшелерінің бірі алғаш рет алыс сапарға, жолға шыққанда аман-есен оралуын тілеп, мал сойып, көрші-көлемді жинап өткізетін дастарқан.
Бақташылық жырларында жылқы малының пірі немесе атасы деп кімді атайды?
Қамбар ата
Фирдауси, Рудаки, Бируниден өзге Наурыз туралы деректер қалдырған түркі тілдес ғұлама кім?
Махмұт Қашқари.
Аңшылыққа байланысты шығармалар арқылы қазақ халқының қандай қасиеттерін байқауға болады?
Табиғатты жақсы тануы, ептілігі, батылдығы және аңшылық өнері.
XVIII – XIX ғасырдың ортасында қазақ әдет-ғұрпы мен фольклорын жинауды мақсат еткен ресейлік экспедиция өкілдерінен кімдерді атауға болады?
Паллас, Н. Рычков, И. Георги, А. Левшин т.б.
Бәсіре атау мағынасын түсіндіріңіз
Бала дүниеге келгенде оған арнап жаңа туған құлынды, ботаны немесе қозыны «бәсіресі» деп меншіктеп беру. Бала өз бәсіресін бағып-қағып, төрт түлікке деген сүйіспеншілігі артып өскен.
Ешкі малының пірін атаңыз.
Сексек ата
Үйдің үлкендері (ата-аналары) жолға, қонаққа немесе шалғай жерге кеткенде, үйде қалған қыз-келіншектер мен жастардың ұйымдастыратын шағын кеші.
Бастаңғы
Төрт түлікке жататын малдар
Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкі.
XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басында фольклорды зерттеумен шұғылданған қазақ оқығандарын атаңыз.
Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Абай, Мәшһүр Жүсіп т.б.
ХХ ғасырдың І жартысы мен одан кейінгі кезеңде фольклорды зерттеуге үлес қосқан Алаш арыстары мен зерттеушілерден кемінде үш адамды атаңыз.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов (сондай-ақ С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан т.б.).
Қой пірі
Шопан ата
Селт еткізер мен Ұйқыашар дегеніміз қандай салт
Ұйқыашар: Бойжеткендер өздері ұнатқан бозбалаларға уыз, соғым еті, уыз-сүт косып арнайы дәмді тағам пісіріп ұсынады.
Селт еткізер: Дәмді татқан жігіттер қыздарға алғыс ретінде сақина, білезік, айна, тарақ сияқты сыйлықтар («селт еткізер») тарту етеді.