Валенттік байланыс теориясының дамуына үлес қосқан америкалық химик кім?
Лайнус Полинг
Валенттік байланыс әдісі нені зерттейді?
Коваленттік байланыстың түзілуін
Гибридтену дегеніміз не?
Атомдық орбитальдардың араласып,жаңа орбитальдар түзуі
H2 молекуласындағы байланыс?
Коваленттік
Қышқыл мен негіздің өзара әрекеттесуі қандай реакция?
Бейтараптану
Сутек молекуласындағы химиялық байланысты кванттық механика негізінде алғаш зерттеген ғалымдар кімдер?
Вальтер Гейтлер мен Фриц Лондон
Валенттік байланыс әдісінде жұптаспаған электрондар қандай рөл атқарады?
Коваленттік байланыстың түзілуіне қатысады
SP3 гибридтенуде неше орбиталь түзіледі?
4 S+3p=4
ВБ әдісі бойынша екі атомның жұптаспаған электрондарының өзара жұптасуы нәтижесінде түзілетін байланыс механизмі қалай аталады?
Алмасу механизмі
Бөлме температурасында сұйық болатын металл?
Hg-ртуть-сынап
Гейтлер мен Лондон сутек молекуласындағы байланысты қай жылы зерттеді?
1927
ВБ әдісінде байланыс түзетін электрондардың спиндары қарама-қарсы болу керек.Бұл қай принцип?
Паули принципі
CH4 молекуласында қандай гибридтену болады?
SP3
ВБ әдісі бойынша сигма байланыс қалай түзіледі?
Электрон бұлттары түзу бойымен қаптасқанда
Бензол молекуласы қандай органикалық қатарға жатады?
Арендер CnH2n-6
Лайнус Полингтің химиялық байланыс туралы кітабы қалай аталады?
The Nature of the Chemical Bond
ВБ әдісінде екі атом арасындағы коваленттік байланыс қалай түзіледі?
Атомдардың жұптаспаған электрондары арқылы
BF3 молекуласында қандай гибридтену болады?
SP2
ВБ әдісі бойынша p байланыс қалай түзіледі?
Бүйірлік қаптасу кезінде
Неліктен H3PO3 молекуласы екі негізді қышқыл?
Себебі қышқылдың құрамында 2 -OH тобы бар
Лайнус Полинг химиялық байланысты зерттеген еңбегі үшін химия бойынша нобель сыйлығын қай жылы алды?
1954
ВБ әдісі бойынша атом орьитальдарының қаптасу ауданы неғұрлым үлкен болса,түзілген байланыстың беріктігі қалай өзгереді?
Байланыс соғұрлым берік болады
CO2 молекуласында көміртек қандай гибридтенуге ие?
SP
Валенттік байланыс әдісінің молекулалық орбитальдар әдісінен негізгі айырмашылығы қандай?
Жауап: Валенттік байланыс әдісінде байланыс атомдық орбитальдардың қабысуы және электрон жұптарының ортақтасуы арқылы түсіндіріледі, ал молекулалық орбитальдар әдісінде электрондар бүкіл молекулаға таралған орбитальдарда қарастырылады.
Оттегі молекуласын кім және қашан ашты?
Джозеф Пристли 01.08.1774