Андронов тайпаларының негізгі кәсібі не болды?
Мал бағу және егіншілік.
Бұл мәдениетті қай жылдан бастап қай ғалым зерттеді?
1946 жылдан бастап академик Әлкей Марғұлан zерттеді.
Қола дәуірінің соңындағы Орталық Қазақстан қоныстары қалай аталады?
Беғазы-Дәндібай қоныстары
Археолог Әлкей Марғұланның өмір сүрген жылдары қандай?
1904–1985 жылдар аралығында өмір сүрген.
Андронов тайпаларының қоныстарының маңында не орналасқан?
Рулық зираттар (қорымдар) орналасқан.
Андронов тайпаларының баспаналары қандай болды?
Жартылай жеркемелер және жер бетіндегі үйлер.
Беғазы-Дәндібай ескерткіштері қай өңірде орналасқан?
Орталық Қазақстанда.
Андроновтықтардың жерлеу орнында марқұмның жанына нелерді бірге көмген?
Ыдыстарын, киімдерін, еңбек құралдары мен қару-жарақтарын.
Академик Ә.Х. Марғұлан кім болып табылады?
Көрнекті ғалым, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы
Андроновтықтар үйлерінің ортасына не орнатқан?
Тастан жасалған ошақ орнатқан.
Қайтыс болған адамды жерлеу кезінде қандай ғұрып кең таралған?
Кремация (өлікті өртеу) ғұрпы
Зәулім тас кесенелердің биіктігі мен диаметрі қандай болды?
Биіктігі 2 метр, диаметрі 30 метрге дейін барған.
Өліктің өртенгенін (кремация екенін) не дәлелдейді?
Тұрақтардан табылған күйген сүйек қалдықтары мен күл.
Андронов мәдениеті ең алғаш қай жылы қай жерде табылды?
1914 жылы Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының жанынан табылды.
Қола дәуірінің қоныстарынан қандай металл бұйымдары табылған?
Қола инелер, түйреуіштер және біздер табылған.
Мәйітті қандай қалыпта (күйде) жерлеген?
Бір қырынан, қол-аяғын бүгіп, анасының құрсағында жатқан қалыпқа ұқсатып қойған.
Алып тастардан салынған зәулім кесенелер нені дәлелдейді?
Адамдардың көзі тірі кезіндегі атақ-абыройын, әлеуметтік мәртебесінің жоғары болғанын дәлелдейді.
Ерте темір дәуірінде халықтың негізгі кәсібі не болып өзгерді?
Көшпелі мал шаруашылығына айналды.
«Андронов мәдениеті» деген атау қайдан шықты?
Оңтүстік Сібірдегі Андронов қонысына байланысты аталған.
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі қоныстарының атақты мысалы ретінде қай жерді атауға болады?
Ресейдің Челябі облысының оңтүстігіндегі Қостанай облысымен шекаралас жердегі Аркайым қонысы.