360
Футбол тарихындағы жалғыз 3 дүркін әлем чемпионы?
Пеле
"Ақбілек" романының авторы кім?
Жүсіпбек Аймауытұлы
Бір санның 20%-ы 18-ге тең. Сан қандай?
90
Сіз қалалық автобус жүргізесіз. Бірінші аялдамада үш әйел отырады. Екінші аялдамадан 1 әйел шығып, ер адам отырады. Үшінші aялдамада екі бала отырады. Автобус көк, ал көшеде жаңбыр жауып жатыр. Автобус жүргізушісінің шашының түсі қандай?
Сіздің шашыңыздың түсі
Немісше - samstag, французша - samedi, арабша - ас-сабт, тәжікше - шанбе, қырғызша - ишемби ал қазақша қалай?
Сенбі
Ересек адамның денесінде шамамен неше сүйек бар?
200-ден астам
1+2+3+⋯+99 қосындысы?
4950
12 қабатты үйде лифт бар. Бірінші қабатта тек 2 адам отырады, әр қабат сайын тұрғындар саны екі есеге артады. Бұл үйдің лифтіндегі қай батырма басқаларға қарағанда жиі басылады?
1
"Менің атым... Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады" деп басталатын шығарманы атаңыз
Менің атым Қожа
Ас тұзының формуласы қандай?
NaCl натрий хлориді
Егер a+b=10, ab=21 болса, a^2+b^2 тап.
58
Бір мылқау адам ұштағыш алу үшін кеңсе тауарлар дүкеніне келді. Ол саусағын сол құлағына салып, екінші қолының жұдырығымен оң құлағының жанында айналмалы қозғалыс жасады. Сатушы оның не сұрап тұрғанын бірден түсінді. Содан кейін сол дүкенге соқыр адам кірді. Ол сатушыға қайшыны сатып алғысы келетінін қалай түсіндірді?
Ол айтып түсіндірді, ол мылқау емес, жай соқыр.
Мадагаскардың астанасы
Антананариву
«Арыстан қаласы» деген мағынаны білдіретін астана?
Сингапур
Сағат 3:30 болғанда сағат және минут тілдерінің арасындағы кіші бұрыш қанша?
75∘
Ауладағы қояндар мен тауықтардың бастарының саны 8, аяқтарының саны 26. Аулада неше қоян, неше тауық жүр?
5 қоян, 3 тауық
Пекин. Чаоян саябағы
Париж.Ақындар паркі
Анкара.Гельбашы ауданы
Бішкек. Театр паркі
Нью Дели. Сан-Мартин алаңы
Аталған аймақтарды не байланыстырады?
Абай Құнанбаев ескерткіші
Ньютонның үш заңын атаңыз.
1. Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды.
2. Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және ол күшпен бағыттас болады, ал оның массасына кері пропорционал.
3.
Әрбір әсерге оған тең, бірақ кері бағытталған қарсы әсер болады, басқаша айтқанда, екі дене бір-біріне шама жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әсер етеді.
F=−F
«СТАТИСТИКА» сөзінің әріптерін екі «И» әрпі қатар тұратындай етіп орналастырудың неше тәсілі бар?
1680