Мұсылмандар еркін ғибадат ету үшін қай үйді паналады?
Ибн Әркамның үйін
Құранды жасырын тыңдаған үш мүшріктің біреуін ата
Әбу Джахль (Амр ибн Хишам) Әбу Суфян ибн Харб, Әл-Ахнас ибн Шарик
Пайғамбарымыз Алланың сипатын түсіндіргенде қай сүренің аяттарын оқыды?
Ықылас
Әбу Тәліптің иман келтірмей қайтыс болуынан кейін мәтінде ерекше атап көрсетілген қағида қайсы?
Пайғамбардың өзі қалаған адамын тура жолға сала алмайды; тура жолды Алла береді
Меккедегі «Хылфул фудул» не үшін құрылды?
Әділетсіздікке ұшыраған, ақысы желінген панасыз адамдардың ақысын алып беріп, әділдікті орнату үшін құрылды.
Алғашқы Эфиопия һижретіндегі топқа кім басшылық жасады?
Осман (р.а.)
Уқба ибн Муайт Пайғамбарымыз сәждеде тұрғанда не істеді?
Түйенің ішек-қарнын арқасына тастады
Аммар ибн Ясир ауыр қысымда Лат пен Уззаның атын тілмен атағаннан кейін қалай жұбаттылды?
Қысыммен айтылған күпірлік сөзі жүрек иманға берік болса күпірлікке жатпайтыны
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қашан қай айда, қай күні дүниеге келді (араб күнтізбесі)?
рабиуләууәл айының 12-сі, дүйсенбі күні таңда дүниеге келді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкесі Абдулла қай жасында және қай жерде қайтыс болды?
Ол сауда сапарынан қайтар жолда Мәдинаға таяғанда науқастанып, 25 жасында қайтыс болды.
Меккенің сыртында мұсыл мандар мен мүшріктер қақтығысқанда алғаш қан төккен сахаба кім болды?
Сағд ибн Әбу Уаққас
Пайғамбарымызды ұрпақсыз деп табалауды ұйымдастырғандардың басында кім тұрды?
Әбу Ләһаб
Омар ра иман етуіне себептердін бірі болған сүре
Та-һа
Нұр тауы сілкінгенде Пайғамбарымыз не деді?
Үстіңде бір пайғамбар, бір сыддық және бірнеше шейіт тұр деді
Алғашқы Эфиопия һижретіне шыққан негізгі риуаят бойынша топ қанша адамнан тұрды?
15
Римдіктер туралы аят түскеннен кейін Әбу Бәкір мен мүшріктер арасындағы бәстің бастапқы шарттары қандай болды?
Алты жыл ішінде Рим жеңсе, жеңілген тарап он түйе береді деп келісті
Әбу Жәһил Пайғамбарымызға үлкен таспен зиян келтірмек болғанда не көріп қорықты? Расында ол кім еді?
Айбат шеккен үлкен түйені, Жәбірейіл ас
Абдулла шетінегеннен кейін Пайғамбарымызға қай сүре түсті?
Кәусар
Ислам дінін ең алғаш болып қабылдаған төрт тұлға кімдер?
Әйелдерден — Хадиша анамыз, балалардан — әзірет Али, азат етілген құлдардан — Зәйд ибн Хариса, ер азаматтардан — әзірет Әбу Бәкір.
Сәби Исмайылдың табанының астынан қай бұлақ шықты және Бекке аңғарына алғаш болып қай тайпа қоныстанды?
Зәмзәм бұлағы шықты, ал бұл өңірге Ажар ананың рұқсатымен арабтың Жүрхүм тайпасы қоныстанды.
Ислам тарихындағы ең алғашқы шейіт ретінде кім аталады?
Сүмәйя
Адий ибн Рабия Пайғамбарымыздан нені сұрады?
Қиямет күнінің қашан және қалай болатынын
Уахи тоқтаған 40 күндік үзілістен кейін қай сүре түсті және не бұйырылды?
«Мүддәссир» сүресі түсіп, ел-жұртқа ақиқатты ескерту және Раббының ұлылығын жариялау бұйырылды.
Пайғамбарымыз қажылық маусымында қай жәрмеңкелерді аралап, адамдарды Хақ жолына шақырды?
Уқаз, Мәжәннә, Зул-Мәжаз
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мен Хадиша анамыздың отбасында қандай балалар дүниеге келді?
Ұлдары — Қасым мен Абдулла (Тайиб, Тахир), қыздары — Зейнеп, Ұрқия, Үммі Гүлсім және Фатима дүниеге келді.