1-ші сөздегі пікір деген не?
жеп бастау - зікір, бітіру - шүкір, арасындағы түсінік - пікір
Құранда жын-шайтандардан қорғануға себеп болатын аят
Аят Аль-Курси
Уәсуәсә деген не?
Шайтани ойлар
Ислам қабылдаған алғашқы әйел кім?
Хадиша анамыз(р.а.)
Тәйәммүм деген не?
– су болмаған кезде немесе су бола тұрып пайдалана алмаған кезде таза топыраққа соққан қолдары арқылы жүзін және екі қолын шынтаққа дейін мәсіх ету.
Демек, Иманның ішінде рухани Жəннаттық ағаш – … дəнегi бар. Ал, күпiрлiкте болса, рухани Жəhаннамдағы жемісі улы ағаш – … кесiрлi бiр дəнегi жатады.
Туба, Заккум
Осы бәсекелестіктің нәтижесінде қаншама Әбу Бәкірлер, дәл осы күрестегі әлсіздігінен қаншама Әбу Жәһилдер дүниеге келді.
Ол қандай бәсекелестік?
Адам баласы ең жоғарғы мәртебеге, кәміл адам мәртебесіне осы ежелгі дұшпанымен күресуінің арқасында жетеді.
Аталған 4 үлкен періште:
Аталған төрт үлкен періште: Жәбірейіл (а.с.), Микаил (а.с.), Исрафил (а.с.) және Әзірейілді (а.с.)
Әбу Бәкір(р.а.) қай оқиғадан кейін «Әс-Сыддық» деген лақап атқа ие болды?
Исра және Миғраж оқиғасынан кейін «Әс-Сыддық» деген лақап атқа ие болды
Истиншақ деген не?
Мұрынға (кеңсірікке дейін) су тарту
5-ші сөздегі өз борышын түсінген әскерден “не істеп жүрсін?” деп сұраған кезде ол не жауап береді?
“Отан борышын өтеп жатырмын”
Омар ибн Абдулазиз бірде әдемілеп хат жазады. Бірақ, оны бірден жыртып тыстайды. Не үшін?
Хатты соңғы рет оқып шыққанда, аз сөзбен терең ой жеткізген өзіндегі шешендік қабілетке іштей масаттанғандай болады. Осыны сезісімен, нәпсіге берілмейін деп дереу хатты жыртып тастайды.
Шайтанның оң жақтан келуі нені білдіреді?
1)Егер біз жасаған маңызды әрі игі істеріміз үшін адамдардың мақтауы мен таңданысын күтсек, істің өзінен гөрі мақтау-мадақтауды артық көріп, біреу мақтаған кезде қуаныштан басымыз айналса, бұл да — шайтанның оң жақтан жасаған тағы бір соққысы.
2)Маңызды нәрсені елеусіз етіп, ал елеусіз нәрсені маңызды етіп көрсету арқылы да көрініс табуы мүмкін.
Омар ибн Хаттаб(р.а.) Исламды қалай қабылдады?
1)Қағбада отырған Пайғамбарымыздың «Хаққа» сүресін оқып жатқанын естіді. Ол ақын ба? Көріпкел ме?
2)Омар(р.а.) Пайғамбарымызды(с.а.с.) өлтіруге бет алды. Нуайм ибн Абдуллаһ оны тоқтатып, әпкесі мен жездесі туралы айтты. Омар(р.а.) олардың үйіне барып, «Таһа» сүресін тыңдап, таңғалды.
Мүбәх деген не?
жасалуы мен жасалмауында діни жағынан ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі іс-әрекеттер.
“Үшiншi пайдасы: Əрбір ағза мен сезім мүшелерінің құндылығы мың есеге артады.” Осы жерде айтылған құндылық неге артады?
Мысалы, көз. Рух бұл əлемдi сол көз терезесi арқылы бақылайды. Егер оны Хақ Тағалаға сатпай, нəпсi үшін жұмсаса жалғасы жоқ өтпелi суреттер мен бейнелердiң жалған қызығын тамашалап, нəпсiқұмарлық пен əуестiктiң арсыз қызметшiсiне айналар еді.
«Шайтанның лүммәсі» деген не?
«Лүммә» – мүмінді азғыру жолында шайтанның түрлі айла-тәсілдерін салып арбауға тырысатын жүректің нақ ортасындағы нүкте.
Негізінде, «қадар» (тағдыр) мен қазаның» мағынасы бірдей, тек екеуінің арасында аз ғана айырмашылық бар:
«қадар» (тағдыр) – Аллаһтың жоспарлағандары, ал «қаза» – осы жоспардың жүзеге асуы, жазмыштың орындалуы.
Абдуллаһ ибн Убәй ибн Салул бір анамызға жала жапты. Ол қай анамызға жала жапты?
Айша(р.а.). Ифк оқиғасы
Кифая намазы деген не?
бір мұсылман ғұмырдан өткенде әуелі жақындары мен таныстары, жалпы мұсылмандардың оқитын жаназа намазы.
«Бисмилля» деген сөзді саналы түрде түсіну адамның ішкі күйін, ынтасын қалай өзгертіп, оны тәкаппарлық пен қорқыныштан қалай арылта алады?
Бисмилля деп бастаса, өз атымен емес, Алла атымен бастайды
Заттар мен құбылыстардың екі жағы бар: мүлк және мәләкүт. Ол қандай жақтар?
Физикалық және метафизикалық
“егер шайтан жаратылмаса, адам жаратылысының да ешқандай мәні болмас еді.” не себептен?
Өйткені күнә істемейтін, шайтанның азғыруына түспейтін періште тәрізді Аллаһ тағаланың сан мыңдаған мақұлықтары бар.
Такиф тайпасынан шыққан, Худайбия келісімінен кейін Мәдинаға қашып барып, артынан келген екі мүшрікті өлтірген, кейін 300 адамдық жасақ жинап, меккелік мүшріктердің сауда керуендеріне қауіп төндірген сахабаның аты кім?
Абу Басир. Аль-Ис жері
Бесін намазының мезгілдерге қарай мұстахаб уақыттары қандай?
Бесін намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта оқу – мұстахап. Қыста болса, бесін намазды уақыты кіре оқу – мұстахап.