Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы қайсысы: пернетақта, монитор немесе принтер?
пернетақта
Интернеттегі сайттарды көруге арналған бағдарлама (Chrome, Firefox, Safari) қалай аталады?
Браузер
Компьютер ақпаратты қандай сандар жүйесінде өңдейді және сақтайды?
Екілік жүйеде (тек 0 және 1 цифрлары)
Есепті шешуге арналған әрекеттердің нақты, ретімен жазылған жиынтығы қалай аталады?
Алгоритм
«Жасанды интеллект» термині ағылшын тілінде қалай қысқартылады?
AI (Artificial Intelligence)
Компьютердегі барлық файлдар тұрақты сақталатын, жады көлемі гигабайттармен немесе терабайттармен өлшенетін құрылғы қалай аталады?
Қатқыл диск (HDD) немесе SSD жинақтауышы
Электрондық пошта мекенжайында user@gmail.com «@» белгісі қалай аталады және қандай қызмет атқарады?
«Ит(собачка)» белгісі. Пайдаланушы атын пошта сервері атауынан бөліп тұрады.
Екілік жүйедегі 1101 саны ондық жүйеде нешеге тең?
13 (8 + 4 + 0 + 1)
Блок-схемада алгоритмнің басы мен соңын көрсету үшін қандай фигура қолданылады?
Сопақша
Тоңазытқыш, шам, қоңырау сияқты күнделікті құрылғыларды интернетке қосып, қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін технология қалай аталады?
Заттар интернеті (IoT, Internet of Things)
Компьютердің барлық құрылғыларын біріктіретін, процессор мен жедел жады орнатылатын басты электрондық тақша қалай аталады?
Аналық плата (материнская плата)
Домендік атауды IP-мекенжайға айналдыратын жүйе қалай аталады?
DNS
Ондық жүйедегі 37 саны екілік жүйеде қалай жазылады?
100101 (32 + 4 + 1)
Алгоритмнің үш негізгі түрін атаңыз.
Сызықтық, тармақталған, циклдік
Нақты әлемнің камера кескініне виртуалды объектілерді (мысалы, 3D-модельдерді) қосатын технология қалай аталады?
Толықтырылған шындық (AR, Augmented Reality)
Процессордың жұмыс жылдамдығы қандай бірліктермен өлшенеді?
Герц (Гц), әдетте гигагерц (ГГц)
Құпиясөзді ұрлау мақсатында банк немесе әйгілі сайт атынан жалған хат пен жалған сайт жіберіп алдау қалай аталады?
Фишинг
«ЕМЕС (A НЕМЕСЕ B)» өрнегінің мәні A = 0, B = 0 болғанда неге тең?
1 (0 НЕМЕСЕ 0 = 0, ал ЕМЕС 0 = 1)
a = 17 b = 5 print(a // b, a % b)
3 2 (17 санын 5-ке бөлгенде бөлінді 3, қалдық 2)
Компьютер әр жағдайға арналған ережелерді қолмен жазбай-ақ, деректерге қарап заңдылықтарды өздігінен табуды үйренеді. Бұл тәсіл қалай аталады?
Машиналық оқыту (Machine Learning)
Экрандағы кескінді құрастыруға және графиканы өңдеуге жауап беретін, ойындарда ерекше маңызды құрылғы қалай аталады?
Бейнекарта (графикалық процессор, GPU, видеокарта)
Сайт мекенжайының басындағы https протоколындағы «s» әрпі нені білдіреді?
Secure - қауіпсіз
Хабарлама 256 символдан тұратын алфавитпен жазылған және 100 символдан тұрады. Хабарламаның ақпараттық көлемі неше байт?
100 байт (256 символ = 8 бит = 1 байт; 100 × 1 байт)
a = 1 for i in range(4): a = a * 2 print(a)
16 (1 → 2 → 4 → 8 → 16)
Миллиардтаған мәтін негізінде үйретілген, сұраққа жауап беретін, мәтін жазатын және аударатын жасанды интеллект модельдерінің түрі (мысалы, чат-боттардың негізі) қалай аталады?
Үлкен тілдік модельдер (LLM, Large Language Model)