Инклюзивті білім беру дегеніміз не?
Барлық баланың бірге білім алуына тең мүмкіндік жасау.
Арнайы білім беру бағдарламалары кімдерге арналған?
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға.
Логопед қандай маман?
Сөйлеу тілін дамыту және түзету маманы.
Көрнекілік әдісі дегеніміз не?
Сурет, сызба, модель арқылы түсіндіру.
Оқушы тапсырманы баяу орындаса, мұғалім не істеуі керек?
Қосымша уақыт беріп, тапсырманы бөліктерге бөлуі керек.
ЕБҚ қысқартуының толық атауы қандай?
Ерекше білім беру қажеттіліктері.
Жеке оқу бағдарламасы не үшін қажет?
Баланың жеке мүмкіндігіне сай білім беру үшін.
Дефектологтың міндеті қандай?
Арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
Саралап оқыту дегеніміз не?
Оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тапсырмаларды бейімдеу.
Сыныпта баланы ерекшелігіне байланысты мазақтаса, мұғалімнің әрекеті қандай?
Мазақтауды тоқтатып, қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру.
Инклюзивті білім берудің басты қағидасы қандай?
Әр баланы қабылдау және құрметтеу.
Бейімделген оқу бағдарламасы дегеніміз не?
Оқу мазмұнын баланың қажеттілігіне қарай өзгерту.
Педагог-психолог қандай көмек береді?
Психологиялық қолдау көрсетеді.
Көру қабілеті бұзылған оқушыға қандай материал тиімді?
Брайль қарпі, аудиоматериал және үлкейтілген мәтін.
Оқушы топтық жұмысқа қатысқысы келмесе, қандай шешім қабылдайсың?
Оған ыңғайлы рөл беріп, біртіндеп жұмысқа тарту.
Инклюзивті және арнайы білім берудің айырмашылығы неде?
Инклюзивті білім беру ортақ білім беру ортасында оқытуды көздейді, ал арнайы білім беру ерекше жағдайлар мен арнайы қолдауды қарастырады.
ПМПК қандай қызмет атқарады?
Баланың білім алу қажеттіліктерін бағалап, тиісті ұсыныстар береді.
Тьютордың негізгі міндеті қандай?
Оқушыны оқу барысында жеке сүйемелдеу.
Есту қабілеті бұзылған оқушымен жұмыс кезінде қандай әдістер қолданылады?
Көрнекілік, жазбаша нұсқаулық және ым-ишара тілі.
Мұғалім барлық оқушыға бірдей тапсырма берді. Бірақ бір оқушы оны орындай алмады. Қандай өзгеріс енгізу керек?
Тапсырманы оқушының жеке мүмкіндігіне қарай бейімдеу керек.
Инклюзивті білім беру тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана арналған ба?
Жоқ, ол барлық білім алушылардың қажеттіліктерін ескереді.
Арнайы оқу бағдарламасын әзірлеуде ең алдымен нені ескеру керек?
Баланың даму ерекшеліктерін, қажеттіліктерін және оқу мүмкіндіктерін.
Инклюзивті білім беруде мұғалім мен мамандардың бірлесіп жұмыс істеуі не үшін маңызды?
Баланың қажеттіліктеріне кешенді қолдау көрсету үшін.
Аутизм спектрінің ерекшеліктері бар балаға сабақта қандай жағдай жасау маңызды?
Тұрақты күн тәртібі, түсінікті нұсқаулық және оны қолдау.
Сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар бала мен басқа оқушылар арасында қарым-қатынас орнамай жатыр. Мұғалім қандай жұмыс ұйымдастыра алады?
Бірлескен ойындар, жұптық және топтық тапсырмалар ұйымдастырып, өзара сыйластықты дамытуы керек.