Маңғыстау облысында 362 әулиенің жер асты мешіттері мен зираттары сақталған. Олардың ішінде мұсылман әлемінде ерекше орынға ие сопы кім?
Бекет-Ата.
Қазақ халқының жаңа дәуірдегі ғылымының негізін қалаған, этнография, тарих және география салаларына үлкен үлес қосқан әмбебап ғалым?
Шоқан Уәлиханов
Қаланы, елді немесе аймақты әлемдік туристік нарықта ілгерілету міндетін жеңілдететін құрал?
Туристік бренд
Түркістан облысының 2024 жылғы мәліметі бойынша Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) қанша пайызға артқан?
8,1%
Шығыс Қазақстанда 2025 жылы ауылдық жерлердің экономикасын көтеру және дәстүрді сақтау мақсатында қандай ұлттық байқау өткізу жоспарланған?
Үздік туристік ауыл – 2025
Орал қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан, археологтар 2001 жылы ашқан XIII—XIV ғасырларға жататын ортағасырлық елді мекен қалай аталады?
Жайық елді мекені.
Шоқан Уәлихановтың әлемдік шығыстану ғылымында жоғары бағаланған, Қашқарияға сапарынан кейін жазған еңбегі?
Алтышаһарға саяхат
Лекцияда «Мәдениет және өнер ескерткіштері» түріндегі брендтерге қандай мысалдар келтірілген? (Кем дегенде 2-еуін атаңыз)
Хеопс пирамидасы, Тәж-Махал, Эйфель мұнарасы, Колизей.
2022 жылғы мәлімет бойынша букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар саласында қанша адам жұмыс істейді?
13 мың адам.
Катонқарағайдағы Рахман қайнары теңіз деңгейінен қандай биіктікте орналасқан?
1750 метр.
Катонқарағай ұлттық паркінде орналасқан, аңыз бойынша аңшы Рахман жараланған бұғының сауығып кеткенін көріп ашқан шипалы су көзі?
Рахман қайнары.
Жезқазған Америкадағы әйгілі мыс провинцияларынан да бай!» деп мәлімдеме жасап, 1928 жылы алғашқы мысты өндіруге қол жеткізген академик?
Қаныш Сәтбаев
Латын тілінен аударғанда «соқтығысу, жарысу» деген мағынаны білдіретін, нарық үлесі мен тиімді шарттар үшін жүретін процесс?
Бәсекелестік
Қазақстанда лотерея операторының қызметін қай жылға дейін МЖӘ (Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) форматына ауыстыру жоспарланған?
2025 жылға дейін
Шығыс Қазақстанда өткізілетін, құсбегілер мен саятшылардың өнерін паш ететін фестиваль қалай аталады?
Шығыс салбұрыны
Аягөз өзенінің жағасында орналасқан, биіктігі 11-12 метр болатын, VII-X ғасырларға жататын махаббат символы саналатын кесене?
Қозы Көрпеш - Баян сұлу кесенесі
Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес әскерінің әрбір үшінші снаряды мен әрбір бесінші танкінің құрамына кірген металл қай жерден өндірілді?
Жезді марганеці
Мәдениет және спорт министрлігінің құрылымына кіретін, туризмді ілгерілетумен айналысатын ұлттық компания?
Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы
Түркістан облысында 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына жоспарланған инвестиция көлемі қанша?
1,01 трлн теңге
Рахман қайнарының суы құрамы жағынан қандай болып келеді және неліктен емдік қасиеті жоғары?
Радонды және минералды су.
Алматыдағы 1980 жылы ашылған, ғимараты 1908 жылы ағаштан қиып салынған ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы кімнің есімімен аталады?
Ықылас Дүкенұлы.
Батыс Қазақстан облысында 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан мемориалдық мұражай-үйі қай батыр қыздың атында?
Мәншүк Мәметова.
Лекция бойынша бәсекелестіктің 4 негізгі функциясын атаңыз.
Реттеуші, ынталандырушы, бөлуші және бақылаушы.
Кәсіпорынның ішкі потенциалын бағалауда қолданылатын, фирманың жалпы, таза және жеке меншік капиталының тиімділігін көрсететін көрсеткіш қалай аталады?
Рентабельділік
Лекцияда Шығыс Қазақстандағы туристерді тартудың негізгі 3 факторы ретінде не атап өтілді?
Дәстүрлі тағамдар/сусындар, қазақ мәдениеті/тұрмысы және таза табиғат.