Иісшіл - ит емес,
Ұшады -құс емес.
Шыбын
Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады?
Ол біздің есіміміз.
Pick me
in english- мені таңда, маған назар аударшы мағынасында қолданылады.
Шашу дәстүрі қалай орындалады?
Шашу – қуанышты сәттерде (той, сүндет той, келін түсіру, бала туу, наурыз мерекесі) үлкендер тәтті-дәмділерді немесе күміс тиындарды шашып, қуанышты бөлісу дәстүрі.
Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын.
Сия.
Ұзарған сайын , қысқаратын нәрсе ол не?
Өмір
Рофл
қалжың, әзілдеу
Байғазы дегеніміз не?
Байғазы – балаларға немесе жастарға жаңа киім, ер-тоқым, әшекей бұйым сияқты жаңа заттар алған кезде, ересектердің сол үшін беретін сый-сыяпаты.
Ағайынды екеу болыпты,
Екеуі тату жүріпті.
Ортасында тау болып,
Бірін бірі көрмепті,
Екеуінің міндеті орындайтын бір бопты.
Көз
Жеген сайын жылататын нәрсе ол не?
Таяқ
Пруф
дәлелдеу, дәлел көрсету
Жеті ата дегеніміз не және оны білу не үшін қажет?
Жеті ата – әр адамның өзінің әке жағынан жеті буын ата-бабасын білуі. Бұл қазақ халқының жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрімен байланысты.
Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
Оқу
Король кімнің алдында тәжін шешеді?
Шаштараздың.
Чилить
демалу, расслабляться
Асар дәстүрі қандай мақсатта өткізіледі?
Асар – ауыл тұрғындарының бір адамға көмек көрсету мақсатында бірігіп жұмыс істеуі. Мысалы, үй салғанда, шөп шапқанда, егін жинағанда көрініс табады.
Шәкiртке жанашыр,
Мейірман кiм, жаны асыл?
Сынып жетекшіңіз
Лимонның жартысы неге ұқсайды?
Екінші жартысына.
Сигма
Өзіне сенімді адам
Тұсаукесер дәстүрінің мәні неде?
Тұсаукесер – бала тәй-тәй басып жүре бастағанда жасалатын дәстүр. Бала сүрінбей, өмірде тік жүрсін деген ниетпен аяғына ала жіп байлап, оны арнайы жасы үлкен, жүрісі ширақ адам кеседі.