Дөңгелектің радиусы 3 есе артса, оның ауданы неше есе артады?
9 есе
Екі санның қосындысы 44, ал айырмасы 12. Ең үлкен санды табыңыз.
28 (28 және 16)
5 оқушыны бір қатарға неше түрлі тәсілмен отырғызуға болады?
5!=120
«Барлық ғылымдардың патшасы» деп қай ғылымды атаған, бұл сөзді кім айтқан?
Математика (Карл Фридрих Гаусс)
Дүниежүзілік «Пи күні» жыл сайын қай күні тойланады?
14 наурыз (3.14)
Тіктөртбұрыштың ұзындығын 20%-ға арттырып, енін 20%-ға кемітсе, оның ауданы қалай өзгереді?
4%-ға кемиді (1.2⋅0.8=0.961.2⋅0.8=0.96, яғни 4%-ға азаяды)
y=x'2−4x+3 параболасының төбесінің абсциссасын табыңыз.
x=2
«АЛМА» сөзіндегі әріптердің орнын ауыстыру арқылы неше түрлі 4 әріпті сөз (анаграмма) құрастыруға болады?
12 нұсқа (4!/2!=24/2=12)
«Эврика!» деп айғайлап, ваннадан көшеге жүгіріп шыққан көне грек ғалымы кім?
Архимед
Рим цифрларымен жазғанда «0» (нөл) санын қалай белгілейді?
Рим цифрларында нөл жоқ
Үшбұрыштың екі қабырғасы 5 см және 9 см. Үшінші қабырғасы бола алатын ең үлкен бүтін сан қандай?
13 см (9−5<x<9+5⇒4<x<14)
y=sqrt(x−3) функциясының анықталу облысын табыңыз.
[3;+∞)
6 ұл және 4 қыздың ішінен 2 оқушыдан тұратын жұпты неше тәсілмен таңдап алуға болады?
45 тәсілмен
«Алгебра» сөзі қай ғалымның еңбегінің атауынан шыққан?
Әл-Хорезми («Әл-Жабр»)
Қай санның ағылшынша жазылуындағы әріптер саны сол санның өзіне тең?
four-4
Шеңберге сырттай сызылған тікбұрышты трапецияның бүйір қабырғалары 4 см және 9 см. Трапецияның орта сызығын табыңыз.
6.5 см
Егер f(x)=2x+3 және g(x)=x'2 болса, күрделі функция f(g(3)) мәнін табыңыз.
21
Екі ойын сүйегін (кубик) бірге лақтырғанда, түскен ұпайлардың қосындысы 7-ге тең болу ықтималдығы қандай?
Координаталық жазықтықта тікбұрышты координаталар жүйесін құрған және «көбейту кестесін» жасаған ежелгі математик кім?
Пифагор
Қазақстанда есептеу математикасы мен математикалық моделдеу мектебінің негізін қалаған, қазіргі таңда 6–7 сынып оқушылары арасындағы ең беделді республикалық математикалық олимпиада аталған белгілі академик-математик кім?
Шалтай Смағұлов
Қабырғасы 6 см болатын дұрыс үшбұрыштың ішіне сырттай сызылған шеңбердің радиусы мен іштей сызылған шеңбердің радиустарының айырмасын табыңыз
sqrt3
2,9,28,65,X тізбегі қандай заңдылыққа негізделген
n'3+1
0,1,2,5,6 цифрларынан (цифрлары қайталанбайтын) 5-ке бөлінетін үш таңбалы неше сан құрастыруға болады?
21
Нөл цифрын ең алғаш рет дербес математикалық сан ретінде қолданған қай елдің ғалымдары?
Үндістан (Индия)
1-ден 10-ға дейінгі барлық сандарға (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10) қалдықсыз бөлінетін ең кіші оң бүтін сан қандай?
2520