PYP жалпы 1
PYP жалпы 2
Зерттеу Inquiry
PYP жалпы 3
PYP Ойшылмын
100

PYP-дің басты элементтерін атаңыз.

Білім, Концептуалды оқыту, АТЛ дағдылары, Оқушы профилі, Әрекет/Action/(Агенттік/Дербестік/). Зерттеуге негізделген оқыту, Трансдисциплинарлық байланыс, Көрме

100

IB миссиясын нақтылап айтыңыз. Қалай түсінесіз? Мектеп миссиясымен қалай байланысты?

Халықаралық бакалавриат ұйымы (IB) мәдениетаралық түсіністік пен өзара құрмет арқылы жақсырақ әрі бейбіт әлем құруға үлес қоса алатын, ізденімпаз, білімді және қамқор жас тұлғаларды қалыптастыруды мақсат етеді.

Осы мақсатқа жету үшін ұйым мектептермен, үкіметтермен және халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, халықаралық білім берудің талаптары жоғары, мазмұны терең бағдарламаларын әзірлейді және білім алушылардың оқу жетістіктерін қатаң әрі жүйелі бағалау жүйесін дамытады.

Бұл бағдарламалар әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқушыларды белсенді, жанашыр және өмір бойы білім алуға ұмтылатын тұлға болуға ынталандырады. Олар өзге адамдардың өзіндік ерекшеліктері мен көзқарастары бар екенін және сол айырмашылықтарына қарамастан, олардың да өз ұстанымында дұрыс болуы мүмкін екенін түсінеді.

NurOrda - Біздің миссиямыз Оқушылардың интеллектуалдық, физикалық және шығармашылық қабілеттерін ашуға шабыттандыру, әрқайсысына белсенді жаһандық азамат болуға мүмкіндік беру және үздіксіз білім алуға деген ұмтылысын қолдау.

100

POI Зерттеу бағдарламасы неден тұрады?

6 тақырып, Ортақ ой, зерттеу бағыттары, нақты концептілер, қосымша концептілер, оқушы профилі, АТЛ дағдылары.

100

Толықтырыңыз:

? + Таңдауы + ? = Оқушы агенттігі/Дербестігі


Дауысы/Үні + Таңдауы + Иелілігі (ownership) = Оқушы агенттігі/Дербестігі

100

Мектеп Ортақ ой/central idea-лардың концептуалды зерттеуге мүмкіндік беретінін және Зерттеу Бағыттарының/ lines of inquiry-дің оған апаратын мақсатты жолдар екенін қалай тексереді?  Как команды проверяют, что центральные идеи приглашают к концептуальному исследованию, а линии исследования создают содержательные пути к ним?


Бұл үдеріс коллаборативті жоспарлау және қайта қарау арқылы жүйелі жүргізіледі. Зерттеу бағдарламасы, пәндік гайдтер,  unit planner, бағалау дәлелдері, оқушы жұмыстары және мұғалім рефлексиялары бірге қаралады. PYPCoordinator-дың рөлі — үдерісті үйлестіру, кәсіби сұрақтар қою, PYP талаптарымен сәйкестікті тексеру және teacher capacity-ді дамыту; мұғалімнің кәсіби жауапкершілігі сақталады.

200

Бірлескен жоспарлау (Collaborative Planning) неге бағытталуы керек?


Бірлескен жоспарлау тек жоспарлау құжатын толтыруға емес, төмендегі мәселелерге бағытталуы керек:

  • оқуға (Learning);
  • оқытуға (Teaching);
  • бағалауға (Assessment);
  • оқушылардың қажеттіліктеріне;
  • оқу бағдарламасының бірізділігі мен сабақтастығына (Curriculum Coherence);
  • рефлексияға. Негізгі мақсат — жоспарды толтыру емес, оқушылардың оқуын жақсарту.
200

IB дағы Бірлескен жоспарлау (Collaborative Planning) дегеніміз: 

A. Бір мұғалім барлық жоспарды өзі жазады.

B. Мұғалімдер бірге жоспарлап, ортақ жауапкершілікті бөліседі.


Жауабы: B ✅ B. Мұғалімдер бірге жоспарлап, ортақ жауапкершілікті бөліседі.

200

PYP Зерттеу Трансцдисциплинарлық планерінің құрылымы неден тұрады? Қанша рет қаралады?

ТД тақырыбы, Ортақ ой, зерттеу бағыттары, концепциялар, IB профилі, АТЛ, Әрекет, бастапқы рефлексия, алдыңғы білімін анықтау, оқу мақсаттары мен табыс критерийлері, мұғалім сұрақтары, оқушы сұрақтары, қызықты оқу тәжірибесін жоспарлау алты аптаға, оқушы агенттігін қолдау, бағалау, ресурстар, үздіксіз рефлексия мұғалім (сынып ж/пән мұғалімдері) және оқушы. Жұмыс барысында қаншалықты қажетті, ол негізгі жұмыс құралы, өзгерістер енгізіліп, қажетінше толықтырылады.

200

Дұрыс па, әлде бұрыс па? «Оқушы агенттігі (Student Agency) дегеніміз — оқушылар өздері қалаған нәрсенің бәрін істей алады дегенді білдіреді.»



Жауабы: ❌ Бұрыс. Оқушы агенттігі — білім алушылардың мақсатты әрі мағыналы оқу үдерісінде өз таңдауына, әрекетіне және жауапкершілігіне ықпал ету мүмкіндігі.

200

Пәндік гайдтар (Subject Guides) мұғалімге не үшін қажет? Пәндік гайдты тек UOI planner толтырғанда ғана ашу дұрыс па? 

Жауап: Пәнді PYP контекстінде жоспарлау мен жүзеге асыруға бағыт береді және пәннің оқу мақсаттары мен мазмұнын трансдисциплинарлық оқумен байланыстыруға көмектеседі. Пәндік гайд — пәндік оқытуды жоспарлау мен дамытуға арналған маңызды кәсіби ресурс. Оны жоспарлау, оқыту және бағалау барысында қолдануға болады.

300

PYP-де бағалаудың мақсаты қандай?


Жауабы: Оқу туралы дәлелдер жинау және сол дәлелдерді оқуды қолдау мен жақсарту үшін пайдалану.

300

IB бойынша Білім (knowledge) мен концептуалдық түсініктің (conceptual understanding) айырмашылығы неде?




Жауабы: Білім - оқушылар меңгеретін ақпараттар мен нақты деректер. Концептуалдық түсінік — оқушылардың бір ғана мысалмен шектелмей, заңдылықтарды, байланыстарды және әртүрлі жағдайларға қолдануға болатын идеяларды түсінуі.

300

«Оқушыларыңыздың орталық идеяны түсінгенін қалай білесіз?» Мұғалім қандай дәлелдер көрсете алады?


Мүмкін жауаптар: оқушы жұмыстары, мұғалімнің бақылаулары

  • оқушылармен әңгімелесу
  • рефлексиялар
  • қалыптастырушы бағалау нәтижелері
  • оқушылардың сұрақтары
  • концептуалдық карталар
  • өзін-өзі бағалау
  • оқушының орындаған жұмысы / жасаған өнімі
  • оқушының ойлауындағы өзгерістердің дәлелі
300

«Мен оқушыларыма таңдау мүмкіндігін бердім, демек, мен олардың агенттігін қамтамасыз еттім.» Сіз келісесіз бе, әлде келіспейсіз бе?

Жауабы: 🟡 Толық келісуге болмайды. Таңдау мүмкіндігі оқушы агенттігін қолдай алады, бірақ таңдаудың болуының өзі автоматты түрде оқушы агенттігі қалыптасты дегенді білдірмейді.

300

Жаңа бөлім басталғанға дейін оқушылардың нені білетінін және нені істей алатынын анықтау үшін қандай стратегиялар қолданасыз?

Жаңа бөлімді бастамас бұрын оқушылардың алдыңғы білімін, қалыптасқан түсініктерін, дағдыларын және тақырыпқа қатысты қате немесе толық қалыптаспаған түсініктерін анықтауға тырысамын. Ол үшін әртүрлі қалыптастырушы бағалау және зерттеуге негізделген әдістерді қолданамын. Мысалы: «Білемін – Білгім келеді – Үйрендім» кестесі, миға шабуыл, ой картасы немесе ұғымдар картасы; сұрақ-жауап; «Ойлан – Жұптас – Бөліс» стратегиясы; суреттерді немесе ұғымдарды жіктеу және топтастыру; қысқа диагностикалық тапсырмалар; тақырып бойынша қысқаша жазба немесе сурет салу; нақты өмірлік жағдаяттарды талдау; «Нені байқадың?», «Қалай ойлайсың?», «Бұлай ойлауыңа не себеп болды?», «Нені білгің келеді?» сияқты ашық сұрақтар.

400

«Жақсы PYP бағалауы қандай болады?»


Meaningful → Мағыналы

  • Ongoing → Үздіксіз
  • Student-centred → Оқушыға бағытталған Purposeful → Мақсатты
  • Evidence-based → Дәлелге негізделген
  • Reflective → Рефлексияға негізделген / Рефлексивті

Мағыналы → Үздіксіз → Дәлелге негізделген → Оқушыға бағытталған → Рефлексияға негізделген → Әрекетке бағытталған

400

Қайсысы концептуалдық сипатқа көбірек ие?

A. «Қазақстанда қандай жануарлар тіршілік етеді?»

B. «Қоршаған орта тірі ағзаларға қалай әсер етеді?»


Жауабы: ✅ B. Неліктен?
B сұрағы нақты бір фактіні еске түсіруді емес, себеп-салдарлық байланыстарды, өзара әрекеттесуді және әртүрлі жағдайларға қолдануға болатын түсінікті зерттеуді талап етеді.

400

Оқушылар мұғалімнің бастапқы сабақ жоспарында қарастырылмаған сұрақ қойды.

Мұғалім не істеуі керек?

A. Жоспарда жоқ болғандықтан, сұрақты елемеу.
B. Оқушыларға бұл сұрақты келесі жылы талқылайтындарын айту.
C. Бұл сұрақтың зерттеу үдерісін мағыналы түрде кеңейте алатынын қарастыру.
D. Оқушыларға жауабын бірден айтып беру.



Жауабы: C. ✅ PYP зерттеуге негізделген оқыту үдерісінде күтпеген идеялар мен жаңа бағыттардың пайда болуына мүмкіндік береді.

400

1-сыныптағы UOI тақырыбы «Қарым-қатынастар» (Relationships) концепциясына негізделген. Осы зерттеуге қай пәндер шынайы әрі мағыналы түрде үлес қоса алады?


Жауабы: ⚠️ Маңызды мәселе — «қай пәндерді қоса аламыз?» деген сұрақ емес. Негізгі сұрақ: «Әр пән оқушылардың орталық идеяны түсінуіне қандай нақты үлес қосады?» 💡 Яғни пәндерді Зерттеуге жай ғана қосып қою емес, әр пәннің зерттеуге шынайы оқу үлесін анықтау маңызды.

400

Сыныпта қандай оқу және оқыту тәсілдерін/әдістерін стратегияларын қолданасыздар?



«Сабақ барысында бір ғана оқыту әдісіне сүйенбей, оқу мақсатына және оқушылардың қажеттілігіне қарай әртүрлі оқыту стратегияларын қолданамын. Мысалы, Зерттеуге негізделген оқыту, problem-based learning - PBL, диалогтік оқыту, пікірталас, жұптық және топтық жұмыс, модельдеу, қолдау/scaffolding, саралау/differentiation, және тағы басқа әдістерді қолданамын. Ең маңыздысы - стратегияны жай ғана қолдану емес, оның оқушының ойлауын, зерттеуін, коммуникациясын және дербестігін дамытуға қаншалықты ықпал ететінін ескеру.»

500

Бұл шынайы ынтымақтастық/ collaboration ма, әлде ақпарат/идея бөлісу деңгейінде ме? Бұл өте маңызды сұрақ.



«Біздің мақсатымыз — тек ақпарат немесе идея алмасу емес, шынайы collaborative planning қалыптастыру. Шынайы collaboration кезінде біз ортақ оқу мақсатын анықтаймыз, бірге талдаймыз, шешім қабылдаймыз, learning experiences-ті бірлесіп жоспарлаймыз және нәтижелерді бірге рефлексиялаймыз. Егер бір мұғалім жоспарлап, екіншісі тек дайын ақпаратпен танысса, бұл collaboration-ның толық деңгейі емес. Сондықтан біз бір-біріміздің кәсіби пікірімізді тыңдап, ортақ шешім қабылдауға тырысамыз.»  «Collaboration means co-constructing the learning, not simply sharing information.» Қазақша: «Ынтымақтастық дегеніміз — ақпарат алмасу ғана емес, оқуды бірге құрастыру.»

500

«Трансдисциплинарлық» ұғымын қалай түсінесіз?


 «Мен үшін ТД оқыту— бірнеше пәннің тақырыптарын жай ғана бір unit-ке біріктіру емес. Бұл оқушының әртүрлі пәндерден алған білімі мен дағдыларын біртұтас, шынайы контекстте байланыстырып, үлкенірек түсінік қалыптастыруы. Мысалы, оқушы бір мәселені зерттеген кезде тек Жаратылыстану білімін ғана емес, Тілдер арқылы коммуникация дағдыларын, Математика арқылы деректерді талдауды, Дүниетану арқылы әртүрлі көзқарастарды қарастыруды қолдануы мүмкін. ТД кезінде әр пәннің өзіндік құндылығы мен пәннің мақсаттары жоғалмайды. Сондықтан мен үшін ТД дегеніміз — пәндерді біріктіру емес, пәндер арасындағы байланыстар арқылы оқушының әлемді тұтас түсінуіне мүмкіндік беру.» Пәндерді жай біріктіру емес, пәндер арасындағы МАҒЫНАЛЫС БАЙЛАНЫС арқылы оқушының тұтас түсінігін дамыту.»

500

«Менің оқушыларым зерттеуде өте жақсы, өйткені олар көптеген зерттеу парақтарын/өнімдерін/макеттерін орындайды.» Бұл пікірде не жетіспейді?


Жауабы: Ойлау мен оқу үдерісінің сапасы. Көптеген жұмыс парақтарын орындау оқушылардың шынайы зерттеуге негізделген оқумен (inquiry) айналысып жатқанын автоматты түрде білдірмейді. Біз мыналарға назар аударуымыз керек:

  • сұрақ қою;
  • зерттеу және ақпарат іздеу;
  • концептуалдық түсінік;
  • байланыстарды анықтау;
  • рефлексия;
  • оқушы агенттігі;
  • оқу үдерісіндегі ілгерілеу.  Талқылау үшін:
    «Егер оқушының алдында бірде-бір жобасы/макеті/worksheet/жұмыс парағы болмаса, оның зерттеу жүргізіп жатқанын қандай дәлелдер арқылы көрсете аламыз?»
500

Оқушыларда рефлексияны дамытуға қандай стратегиялар қолданасыздар?


«Рефлексияны дамыту үшін оқушыларға жүйелі түрде өзін-өзі бағалау және өз оқуын талдау мүмкіндігін береміз. Мысалы, “Мен не білдім?”, “Менің ойым қалай өзгерді?”, “Маған не қиын болды?”, “Қандай стратегия тиімді болды?”, “Келесі қадамым қандай?” сияқты ашық сұрақтарды қолданамыз. Сонымен қатар шығу билеті, оқу журнал/дәптерлері/ өзін өзі бағалау, достарының кері байланысы және оқу мақсаттарын қолданамыз. Уақыт өте келе оқушылардың рефлексиясы “маған ұнады/ұнамады” деңгейінен “нені үйрендім, қандай дәлелі бар және келесіде не өзгертемін?” деңгейіне көтерілуіне жағдай жасаймыз.»

500

Жоспарлау кезінде қандай құжаттар қолыңызда болады?



«Жоспарлау кезінде біз бірнеше негізгі құжаттарға сүйенеміз:

  • PYP Стандарты Programme Standards and Practices;
  • Зерттеу бағдарламасы Programme of Inquiry;
  • Пәндік гайд Scope and Sequence;
  • пәннің жылдық жоспары/мақсаттары/curriculum objectives-і;
  • unit planner;
  • Оқушы Learner Profile;
  • ATL framework;
  • Бағалау критериялары мен assessment criteria және assessment дәлелдері evidence;
  • алдыңғы unit-тердің жоспарлары мен рефлексиялары;
  • оқушылардың алдыңғы жұмыстары/бағалау assessment нәтижелері.

Бұл құжаттар бір-бірінен бөлек қарастырылмайды. Біз олардың өзара сәйкестігін және оқушының оқуындағы progression-ды қарастырамыз.»

M
e
n
u