Массив дегеніміз не?
Жауап: Массив — бір атаумен бірнеше мәндерді сақтайтын деректер құрылымы. Python-да массивтер тізім (list) деп аталады.
Факториал дегеніміз не?
Жауап: Факториал (n!) — 1-ден бастап белгілі бір n санына дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісі.
Екі өлшемді массив дегеніміз не?
Жауап: Екі өлшемді массив — бұл жолдар мен бағандардан тұратын мәліметтер жиынтығы.
Python-да массивтер қалай аталады?
Жауап: Python-да массивтер тізім (list) деп аталады.
Python-да массивтің индексі қалай анықталады?
Жауап: Python-да массивтің индексі 0-ден басталады және әрбір элементтің реттік нөмірі арқылы анықталады.
Python-да екі өлшемді массивті қалай енгіземіз?
Жауап: Python-да екі өлшемді массивті енгізу үшін, тізімдер тізімін қолданамыз, мысалы:
массив = [[1, 2, 3], [4, 5, 6], [7, 8, 9]]
Индекстеу дегеніміз не?
Жауап: Индекстеу — әр элементтің реттік нөмірі бар, индекс 0-ден басталады.
Python-да элементтің орнын ауыстыру үшін қандай әдіс қолданамыз?
Python-да екі өлшемді массивтің элементтерін қалай шығарамыз?
Жауап: Элементтерді шығару үшін for циклдарын қолдануға болады, мысалы:
for жол in массив:
print(жол)
Бір өлшемді массив дегеніміз не?
Жауап: Бір өлшемді массив — бұл тізбек немесе қатар орналасқан элементтер жиыны.
input() функциясы қандай мақсатта қолданылады?
Жауап: input() функциясы пайдаланушыдан мәлімет енгізу үшін қолданылады.
Python-да массив элементтерінің орнын қалай ауыстырамыз?
Жауап: Массивтің элементтерінің орнын ауыстыру үшін келесі кодты пайдалануға болады:
a, b = b, a
Python-дағы for i in range() циклын қандай мақсатта қолданамыз?
Жауап: Бұл цикл Python-да белгілі бір диапазондағы (range()) сандар бойынша қайталанады.
print() функциясы қандай мақсатта қолданылады?
Жауап: print() функциясы экранға мәлімет шығару үшін қолданылады.
3 санының факториалы?
Жауап:
3! = 3 × 2 × 1 = 6