Ақтөбенің алғашқы коммерциялық телеарнасы
«Рика-ТВ»
Қазақ әдебиеті тарихында жарық көрген ең алғашқы роман
Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы
АҚШ-та жыл сайын табысталатын беделді музыкалық марапат GRAMMY жүлдесін алған алғашқы қазақ кім?
Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek атымен танымал)
Дүние жүзіндегі ең биік ғимарат қайсы?
Бурдж Халифа
Абайдың неше күйі бар?
үш
Ақтөбе - .............. астанасы? Аталу себебін айтыңыз
Ақтөбе - тарының астанасы. Әлемдік рекордтық өнім алған атақты диқан Шығанақ Берсиевке байланысты. Жылда «Тары Fest» этнофестивалі өтеді.
… Іздеймін тағат бар ма?
Сені іздедім, маған егіз ғып жаратқан ба? … - деп Мұқағали ақын нені іздейді?
Поэзияны
2003 жылы ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміне енгізілген Қазақстанның мәдени мұрасы?
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Гонконгтық дизайнер Касинг Лунг жасаған құбыжық пішінді коллекциялық ойыншықтың қайсысы 2025 жылы әлеуметтік желіде танымал болды?
Лабубу
Абайдың «Он жетінші қарасөзінде» адам бойындағы қандай үш қасиет таласқа түседі?
Қайрат, Ақыл, Жүрек
Жаманшың метеорит кратері қайда орналасқан?
Ырғыз ауданы, аудан орталығынан 40 шақырым оңтүстік-батыста
Сен қайдан келдің? – дегенде, бір данышпан: Мен балалықтың елінен келдім, – деген екен. Ересектерде сол «балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ. Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды. Мен де солардың бірімін...
«Ай мен Айша» Шерхан Мұртаза
Гиннесстің рекордтар кітабына енген Қазақстандағы ойын-сауық және сауда кешенін ата.
Астанадағы "Хан шатыр" ойын-сауық және сауда кешені. Биіктігі 150 метрлік ғимарат әлемдегі ең биік шатыр ретінде тіркелген
Әлемде мұнайдан кейін ең көп тұтынылатын және сатылатын тауар?
Кофе. Сусын сату және сатып алу көлемі бойынша мұнайдан кейін екінші орында тұр.
Абай кімдердің шығармаларын аударды?
А.С Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов, Дж.Байрон, И.В. Гетенің шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Ақтөбе облысы хром өндіруден әлем бойынша нешінші орын алады?
Әлемде хром рудасы қорының - 400 млн. тн. шамасымен бірінші орында
«...Адам қандай жағдайға түссе де көнеді екен ғой. Егер ол қуанышты жағдай болса, оны тудырған уақыт лезде жоғалады. Қиын жағдай болса, созыла береді. Менің балалық шағым да созылмалы дерттей бітпей қойды, өтпей қойды...» - қай шығармадан алынған және авторы кім?
«Болмаған балалық шақ» Ақберен Елгезек
«Қыз Жібек» фильмінің алғашқы нұсқасы қалай аталған?
«Аққу»
Әлемде қанша мемлекет бар?
195 мемлекет
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Абай адам бойындағы қандай бес жақсы қасиетті атайды?
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.