Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарының болашағы зор екенін ғылыми түрде дәлелдеген геолог-ғалым?
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Индустрияландыруды бастау туралы шешім Партияның XIV съезінде қай жылы қабылданды?
1925ж
1933 жылы Голощекин қызметінен босатылғаннан кейін Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып кім сайланды?
Л.Мирзоян
Аграрлық елден өнеркәсібі дамыған мемлекетке айналуды көздеген, геологиялық барлаудан басталған саясат?
индустрияландыру
КСРО кезеңіндегі Барлық еңбекпен түзеу лагерьлерінің Басқармасы қалай аталды?
гулаг
1925-33жж ҚазАКСР бірінші хатшысы болған?
Филипп Голощекин
Түркістан-Сібір (Түркісиб) теміржолының құрылысы қай жылы аяқталды?
1931
Түркістан автономиясының алғашқы Премьер-министрі әрі Ішкі істер министрі болып кім сайланды?
м.тынышбаев
1930 жылдардың басында 5 мыңға жуық адам қатысқан ең ірі ұжымдастыруға қарсы көтеріліс қай жерде болды?
созақта
Жезқазған қаласының маңында орналасқан ГУЛАГ жүйесіндегі арнайы лагерь?
СТЕПЛАГ
Қазақ халқының ауыр жағдайы туралы Сталинге хат жазып Ф.Голощекинді қызметінен босатуды талап еткен ҚазАКСР ХКК төрағасы?
Ораз Исаев
Қазақ байларын тәркілеу (конфискациялау) туралы декрет қай жылы және қай күні қабылданды?
1928ж 27тамыз
Түркістан АКСР-і қай жылы жүргізілген Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу нәтижесінде жойылып, Оңтүстік Қазақстан жерлері Қазақ АКСР-іне қосылды?
1924
Орталық Қазақстанның минералды байлықтарын зерттеп, «Қазақ КСР-і Кеңес одағының тұтас металлогенді ауданы» деген тұжырым жасаған академик кім?
Н.С.Курнаков
Орталығы Долинка ауылы болған, тұтқындардың еңбегі егіншілікте кеңінен пайдаланылған лагерь?
КАРЛАГ
Өнеркәсіптің өңдеу салаларының кең желісін құру туралы идея ұсынып сырттан жұмысшыларды жаппай қоныстандыруға қарсы шыққан кім
Смағұл Сәдуақасов
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қай жылы бекітілді?
1997ж---31 мамыр болып бекітті
1937 жылы «Халық жаулары мен олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың қажеттігі» туралы нұсқаулықты кім берді?
И.В.Сталин
Бірінші бесжылдық (1928–1932 жж.) жылдарында қайта қалпына келтіріліп, іске қосылған ірі өнеркәсіп орындары қайсылар?
риддер полиметалл
қарсақпай полиметалл
қарағанды көмір
АЛЖИР лагерінде негізінен кімдер тұтқындалып, азап шекті?
Халық жауларының» әйелдері мен отбасылары («Отанын сатқандардың әйелдері»).
1933ж РКФСР ХКК төрағасының орынбасары қызметінде жүріп И.Сталинге ауыр ашаршылық туралы хат жазған қайраткер
Тұрар Рысқұлов
«Саяси жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қай жылы және қай айда шықты?
1993ж сәуірде
Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққаны үшін Республикадан қуылып, қызметінен босатылған мемлекет қайраткерлерін атаңыз
3 адам
С.Сәдуақасов
Ж.Мыңбаев
С.Қожанов
1932 жылы Голощекинге халықтың ашаршылыққа ұшырағаны туралы «Бесеудің хатын» жазған қайраткерлерді атаңыз
мүсірепов
ғатаулин
дәулетқалиев
алтынбеков
қуанышев
АЛЖИР лагерінде тұтқындарға арналған барактар құрылысы мен балалар колониясы қай жылы құрыла бастады?
1936 жылы