Оперон теориясы қай жылы ұсынылды?
1961 жылы
Жакоб пен Моно тәжірибені қандай бактерияда жүргізді?
Ішек таяқшасында (E. coli).
Оперон теориясын ұсынған ғалымдар кімдер?
Жакоб пен Моно.
Лактозды оперон қай ағзада зерттелген?
E. coli бактериясында.
Промотор дегеніміз не?
РНҚ-полимераза байланысатын ДНҚ бөлігі.
Репрессордың қызметі қандай?
Гендердің транскрипциясын тежейді.
Лактоза болған кезде не болады?
Репрессор оператордан ажырап, транскрипция жүреді.
Оператордың қызметі қандай?
Репрессор байланысатын ДНҚ бөлігі.
Апоптоздың негізгі екі түрі қандай?
Ішкі және командалық апоптоз.
Митоз дегеніміз не?
Бір жасушаның екі жас жасушаға бөлінуі.
Жасушалық цикл дегеніміз не?
Жасушаның пайда болғаннан бастап келесі бөлінуіне дейінгі кезеңі.
Интерфаза неше кезеңге бөлінеді?
G1, S және G2.
Профазада қандай өзгерістер болады?
Хромосомалар ширатылып, ядро қабықшасы ыдырайды.
Апоптоз дегеніміз не?
Жасушаның бағдарламаланған өлімі.
Цитокинез дегеніміз не?
Цитоплазманың екіге бөлінуі.
Циклин мен ЦТК-ның қызметі қандай
Жасушалық цикл кезеңдерінің ауысуын реттеу
Метафазада хромосомалар қалай орналасады?
Жасушаның экваторлық жазықтығына орналасады.
Анафазада қандай процесс жүреді?
Хроматидтер қарама-қарсы полюстерге ажырайды.
S кезеңінде қандай процесс жүреді?
ДНҚ репликациясы жүреді.
G1,S,G2кезеңдері қалай аталады?
Пресинтетикалық,Синтетикалық,
Постсинтетикалық
p53 ақуызының қызметі қандай?
ДНҚ зақымданғанда жасушалық циклді тоқтатады
ЦТК дегеніміз не?
Циклинге тәуелді киназалар
Митоздық стимул факторы қалай белгіленеді?
МСФ, циклин B–ЦТК1 комплексі.
Апоптоздың биологиялық маңызы қандай?
Зақымданған және ағзаға қажетсіз жасушаларды жою.
Циклин D қандай кезеңде жұмыс істейді?
G1 кезеңінде