Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым кім?
Исаак Ньютон
Велосипедші 10 м/с жылдамдықпен 5 с жүрсе, қанша жол жүреді?
s = vt = 10 · 5 = 50 м.
Электр зарядтарының қандай түрлері бар және олар қалай әрекеттеседі?
Оң және теріс заряд бар. Аттас зарядтар тебіледі, әртүрлі зарядтар тартылады.
Ньютонның 1-заңын (инерция заңы) өз сөзіңмен айт.
Денеге басқа денелер әсер етпесе немесе әсерлері теңгерілсе, дене тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды.
Бүкіләлемдік тартылыс заңының формуласы
F = G·m₁m₂/r²
Бұл француз ғалымы. Ол бұралмалы таразы арқылы зарядталған шарлардың әсерлесуін өлшеді. Электр заряд бірлігі оның атымен аталады. Ол кім?
Шарль Кулон.
Бүгін қай күн? (датасы)
200 балл
Эбонит таяқшаны жүнге үйкеледі. Таяқша қалай зарядталады және электрондар қайда өтеді?
Таяқша теріс зарядталады, өйткені электрондар жүннен эбонитке өтеді. Жүн оң зарядталады.
Физика мұғалімінің толық аты-жөні қандай?
Тәжқұран Айнұр Ерланқызы
Бүкіләлемдік тартылыс заңындағы тұрақты нешеге тең?
G = 6,67·10⁻¹¹ Н·м²/кг².
-100 балл
-100 балл
Ракета 4 с ішінде тыныштық күйінен 20 м/с жылдамдыққа жетті. Үдеуі қандай?
a = Δv/t = 20/4 = 5 м/с².
Екі нүктелік заряд q₁ = 2 мкКл және q₂ = 3 мкКл бір-бірінен 0,3 м қашықтықта тұр. Өзара әсер күшін тап (k = 9·10⁹ Н·м²/Кл²).
F = k·q₁q₂/r² = 9·10⁹ · 6·10⁻¹² / 0,09 = 0,054 / 0,09 = 0,6 Н.
Массасы 2 кг денеге 10 Н күш әсер етеді. Үдеуі қандай?
a = F/m = 10/2 = 5 м/с².
-100 балл
-100 балл
Планеталардың Күнді эллипстік орбита бойымен айналатынын және олардың қозғалыс заңдарын тұжырымдаған ғалым кім?
Иоганн Кеплер.
Мотоциклші бастапқы жылдамдығы 2 м/с, үдеуі 3 м/с² болғанда 4 с ішінде қанша жол жүреді?
s = v₀t + at²/2 = 2·4 + 3·16/2 = 8 + 24 = 32 м.
+200 балл
+200 балл
Неліктен автобус кенет тоқтаған кезде жолаушылар алға қарай ұмтылады?
Инерция құбылысына байланысты. Жолаушылардың денесі бастапқы қозғалыс жылдамдығын сақтауға тырысады.
Массалары 1000 кг және 2000 кг екі дене бір-бірінен 2 м қашықтықта орналасқан. Олардың арасындағы тартылыс күшін анықтаңыз.
F=3,335·10⁻⁵ Н
Бұл итальяндық ғалым Пиза мұнарасынан әртүрлі денелерді тастаған деген аңыз бар. Ол телескоппен Юпитердің серіктерін тапты. Ол кім?
Галилео Галилей.
Тас 80 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз құлайды. Құлау уақыты мен жерге түсер сәттегі жылдамдығын тап.
h = gt²/2 → t = √(2h/g) = √16 = 4 с; v = gt = 40 м/с
Зарядтардың бірін 3 есе, ал арақашықтықты да 3 есе арттырса, өзара әсер күші қалай өзгереді?
Күш 3 есе артады, ал қашықтық 3 есе артқандықтан 9 есе кемиді. Нәтижесінде F 3 есе кемиді (3/9 = 1/3).
осыны 20 рет қайталаңыз. (топтағы 1 адам)
500 балл
Екі дененің арасындағы арақашықтық 2 есе артса, олардың тартылыс күші қалай өзгереді?
Тартылыс күші 4 есе азаяды, себебі күш арақашықтықтың квадратына кері пропорционал.