Балалар әдебиеті
Логикалық сұрақтар
мақал-мәтелдер
ертегілер
бүгінгі тақырып
100

Балалар әдебиеті дегеніміз не?  

балаларға арналған қызықты, тәрбиелік мәні бар шығармалар. Оған ертегілер, әңгімелер, өлеңдер және қысқа хикаялар жатады.

100

Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады?

су

100

"Туысы бірдің ___ бір." Мақалдың бос орнын толтырыңыз.

Жұдырығы

100

 "Алдар Көсе" ертегісіндегі басты кейіпкер Алдар Көсе қандай мінез-құлқымен ерекшеленеді?

Алдар Көсе айлакерлігімен, тапқырлығымен және ақылымен ерекшеленеді.

100

Саид Баязитовтың алғашқы әңгімелер жинағы қалай аталады?  

«Күтпеген кездесу».

200

Балалар әдебиетінің қандай негізгі жанрлары бар?  

ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, фантастикалық хикаялар және жұмбақтар жатады.

200

Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады?

көз

200

Мына мақалдың жалғасын табыңыз: "Ерінбеген етікші болады, Ұялмаған..."

"өлеңші болады."

200

"Ер Төстік" ертегісінде Ер Төстікке жәрдемдескен, астындағы ақылды тұлпардың аты кім?  

Шалқұйрық.

200

Мұхамеджан Етекбаевтың 1961 жылы жарық көрген балаларға арналған кітабының атауы қандай?  

«Алтын мүйізді киік».

300

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі кім?  

Спандияр Көбеев.

300

Бәріміз бауырсақ ертегісін жақсы білеміз! Ертегі бойынша бауырсақ қашып кетеді. Бір күні кемпір бауырсағын пісіріп, дала шығарып, кейін келіп қараса, бауырсақ қашпаған! Неге? кемпір қандай амал қолданды?

бауырсақты төртбұрышты етіп пісірген

300

 "Атаның баласы болма, адамның баласы бол" деген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз

Бұл мақал жеке өзіңнің отбасың үшін ғана емес, бүкіл қоғамға пайдалы адам бол дегенді білдіреді.

300



300

Мархабат Байғұттың «Қазығұрт» баспасынан шығармаларының неше томдығы жарық көрді?

Төрт томдық.

400

Қазақ балалар әдебиетінде қандай шығармалар балалардың ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді тануына көмектеседі?  

ертегілер мен аңыздар ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді үйретеді. Мысалы, "Тазша бала" және "Алдар Көсе" сияқты ертегілерде тапқырлық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер дәріптеледі.

400

Қандай зат сөйлемейді, бірақ миллиондаған сөздерді сақтай алады?

Кітап

400

мақалдың мағынасын түсіндіріңіз: "Түлкінің заманы болса, тазының да заманы болады."

Бұл мақал әркімнің өз уақыты келетінін және әділеттің орнайтынын білдіреді. Біреулер әдіс-айламен жеңсе де, уақыт өте келе басқаларына да мүмкіншілік туады.

400

“Ақсақ құлан” аңызында Жошы ханға оның баласының өлімін жеткізу үшін қандай әдіс қолданылады?

Күйші күймен жеткізеді.

400

Сайлаубай Жұбатырұлының экологиялық тақырыптағы алғашқы мақаласы қандай атпен шықты?  

«Аралды қайтсек сақтаймыз?»

500

Балалар әдебиетінің балалардың дамуына әсері қандай және неге маңызды?  

балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, қиялын, адамгершілік қасиеттерін дамытуға көмектеседі. Әдеби шығармалар арқылы бала өмірлік құндылықтарды үйреніп, өзіне үлгі тұтарлық кейіпкерлерді табады.

500

Қонақ үйде 7 қабат бар. Бірінші қабатта төрт адам тұрады. Әрбір келесі қабатта алдыңғысынан қарағанда 2 адамға артық. Лифтті ең көп шақыратын қай қабат тұрғындары?

бірінші

500

500

500

500

“Қырық өтірік” ертегісінде кейіпкер өзінің 40 өтірік әңгімесі арқылы кімге әсер етеді және қандай мақсатпен өтірік айтады?

 Ханға әсер етеді және ханның сеніміне кіру үшін өтірік айтады. Кейіпкердің мақсаты — ақыл мен тапқырлығын көрсету.

500

Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» трилогиясының басты тақырыбы қандай мәселеге арналған?  

Экологиялық мәселелерге, оның ішінде Арал мен Балқаш көлдерінің экологиясына арналған.

M
e
n
u