Қарахан мемлекеті қай ғасырларда өмір сүрді?
X–XIII ғасырларда
Моңғол империясының негізін қалаған?
Шыңғыс хан
«5 минутта келемін» деп, жарты сағаттан кейін келетін…
Діннұр
Ислам дінінің қасиетті кітабы қалай аталады?
Құран
Орхон жазба ескерткіштері қай өзеннің бойынан табылған?
Орхон өзені
Қарахан мемлекетінде кең таралған дін?
Ислам діні
Моңғол шапқыншылығы Қазақстан аумағында қай ғасырда болды?
XIII ғасырда
Егер біздің топ бір мемлекет болса, президент болуға кімді таңдар едіңдер?
Алияя
Ислам дінін таратушылардың бірі болған белгілі сопы кім?
Қожа Ахмет Ясауи
Ежелгі түркілердің жазуы қалай аталады?
Көне түркі руникалық жазуы
"Құтты білік" еңбегінің авторы?
Жүсіп Баласағұни
Моңғол империясы құрылған жыл?
1206ж
Оқытушылардың VIP-студенті...
Ерқанат
Қазақстан аумағында ислам дінінің кең таралуына ықпал еткен негізгі факторлардың бірі?
Ұлы Жібек жолы арқылы сауда және мәдени байланыстар
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі әйгілі тарихи тұлғалардың бірі кім?
Күлтегін
"Диуани лұғат ат-түрік" еңбегін кім жазған?
Махмұд Қашқари
Моңғол империясының батыс бөлігінде құрылған мемлекет?
Алтын Орда
Апай мен ағайдың алдында бонус ұпай жинауды өмірлік стратегиясына айналдырған?
Дінислам
Ислам мен көшпелі түркі мәдениетінің өзара байланысы нәтижесінде қалыптасқан басты ерекшелік қандай?
Исламдық дүниетанымның түркілік дәстүрлермен ұштасуы
Ежелгі сақтардың грек, үнді және қытай халықтарымен байланысына қандай жолдар ықпал етті?
Сауда жолдары мен көрші халықтармен мәдени байланыстар
Қарахан мемлекеті мәдениетінің тарихтағы басты маңызы неде?
Түркі халықтары арасында ислам мәдениетінің дамуына ықпал етті
Моңғол дәуірі түркі халықтарының мәдениетіне қандай ықпал етті?
Саяси, этникалық және мәдени үдерістерге ықпал етті, халықтар арасындағы байланыстарды өзгертті
Егер МОК-263 туралы фильм түсірілсе, сәттілікпен жолы түйіспей жүрген адам(дар) кім(дер) болар еді?
МОК-263 толығымен
Неліктен ислам діні түркі халықтарының бұрынғы барлық дәстүрлерін бірден жойып жіберген жоқ?
Өйткені халықтың бұрыннан қалыптасқан салт-дәстүрлері мен дүниетанымы қоғам өмірінде сақталды.
Елестет: ежелгі түркілерде жазу болмаған, бірақ ауызша дәстүр өте жақсы дамыған. Бүгінгі ұрпақ олардың тарихын қаншалықты біле алар еді?
Белгілі бір деңгейде біле алар еді, бірақ ауызша ақпарат өзгеруі немесе ұмытылуы мүмкін болғандықтан, тарихи мәліметтер толық жетпеуі ықтимал.