Трансляция дегеніміз не?
Бұл мРНҚ-дағы нуклеотидтер тізбегінің ақуыздағы аминқышқылдар тізбегіне айналу процесі.
Трансляция жасушаның қай жерінде жүреді?
Рибосомаларда жүреді.
Ақпараттың ДНҚ → РНҚ → ақуыз бағытымен жүруі қалай аталады?
Бұл "орталық догма" деп аталады.
Трансляцияның негізгі үш сатысы қандай?
Инициация (басталу), элонгация (ұзару) және терминация (аяқталу).
Трансляция аппаратына нелер кіреді?
Рибосомалар, мРНҚ, тРНҚ, ферменттер және реттеуші факторлар.
Рибосомада тРНҚ үшін неше байланысу орны бар?
Үш орын бар: A (аминоацил), P (пептидил) және E (шығу) орындары.
Инициация (басталу) кодоны қандай?
Әдетте бұл — AUG кодоны
AUG кодоны қандай аминқышқылды кодтайды?
Метионин аминқышқылын кодтайды.
Прокариоттарда бастапқы аминқышқыл қалай аталады?
N-формилметионин (fMet)
Элонгация сатысында не жүреді?
Полипептидтік тізбек біртіндеп ұзарады.
Аминқышқылдар арасында қандай байланыс түзіледі?
Пептидтік байланыс түзіледі.
Пептидтік байланыстың түзілуін не катализдейді?
Рибосомалық РНҚ (рРНҚ).
Транслокация дегеніміз не?
Рибосоманың мРНҚ бойымен бір кодонға жылжуы
Трансляция процесіне энергия қайдан алынады?
ГТФ және АТФ гидролизі арқылы.
Терминация (аяқталу) қашан болады?
Рибосоманың А орнына стоп-кодон түскенде.
Стоп-кодондарды атаңыз.
UAA, UAG және UGA
Стоп-кодондарды танитын арнайы ақуыздар қалай аталады?
Релизинг-факторлар (RF).
Посттрансляциялық модификация деген не?
Ақуыз синтезделгеннен кейін оның құрылымында болатын өзгерістер.
Фолдинг дегеніміз не?
Ақуыздың нақты кеңістіктік (үшінші реттік) құрылымының қалыптасуы.
Ақуыздың дұрыс қалыптасуын (фолдингті) қадағалайтын ақуыздар қалай аталады?
Шаперондар
Аминоацил-тРНҚ синтетазаның қызметі қандай?
Аминқышқылды сәйкес тРНҚ-ға қосады
Трансляцияны реттеу көбінесе қай сатыда жүреді?
Инициация кезеңінде.
МикроРНҚ-ның (miRNA) рөлі қандай?
Олар мРНҚ-мен байланысып, трансляцияны тежейді немесе мРНҚ-ны ыдыратады.
Ақуыздың төртінші реттік құрылымына мысал келтіріңіз.
Гемоглобин (төрт полипептидтік тізбектен тұрады).
Шайна-Дальгарно тізбегі кімдерде кездеседі?
Прокариоттарда (бактерияларда) кездеседі.