Климаттық белдеулер
Желдер/ циклон,антициклон
Атмосфера құрылысы
100

Жер шарын 13 климаттық белдеуге жіктеген ғалым кім және климаттық белдеулер нешеге бөлінеді?

Б.Алисов. 7 негізгі,6 өтпелі

100

Бұл-теңіздердің, көлдердің жағасында тәулік ішінде өз бағытын қарама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел. Күндіз жел теңізден жағалауға (теңіздік), ал түнде жағалаудан теңізге (жағалық) қарай бағытталады.

Бриз желі

100

Атмосфераның ең төменгі жəне тығыз қабаты, мұнда ауаның 4/5 бөлігі шоғырланған.

Тропосфера

200

Бұл-ыстық әрі құрғақ белдеу.Негізінен 20` – 30` солтүстік ендік және оңтүстік ендік аралығында жатыр.

Тропиктік белдеу

200

Атмосфералық қысым жоғары болатын тропиктік ендіктерден қысымы төмен экваторға бағытталатын тұрақты желдер

Пассат желдері

200

Шамамен 100 км дейінгі биіктік аралығында ауа көлемі жөнінен мынадай газдардан тұрады: азот – %, оттегі – %, инертті газдар - %

Азот – 78%, оттегі – 21%, инертті газдар- 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмір қышқыл газ – 0,03%-ды құрайды.

300

Бұл белдеу тропиктік белдеулермен салыстырғанда едəуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Температура белдеу ішінде солтүстіктен оңтүстікке жəне батыстан шығысқа қарай өзгереді. 

Қоңыржай белдеу

300

Бағытын қыстан жазға жəне жаздан қысқа карай күрт өзгертіп отыратын маусымдық сипаттағы ауа ағындары.

Муссон желдері

300

Картадағы температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық

Изотерма

400

Белдеу екі жарты шардың шамамен 5 жəне 20градус ендіктер аралығын алып жатыр. Ауа массаларының жыл ішінде алмасуына байланысты белдеудің жазы экваторлық белдеуге, ал қысы тропиктік белдеуге ұқсас.

Субэкваторлық белдеу

400

Сары теңіз бен Филиппин аралдары маңында қалыптасатын циклондарды не деп атайды.

Тайфундар

400

Сөйлемді толықтырыңыз:

Жер шарында географиялық ендіктерге байланысты үш төмен қысым белдеуі (------ мен екі ------ белдеу бойында), төрт жоғары қысым белдеуі (екі ------ жəне екі ------- ендіктер бойында) ажыратылады. Қысым көрсеткіштері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды ------ (грек тілінде  "бірдей қысым" деген мағына береді) деп атайды.

Жер шарында географиялық ендіктерге байланысты үш төмен қысым белдеуі (экватор мен екі қоңыржай белдеу бойында), төрт жоғары қысым белдеуі (екі тропиктік жəне екі полярлық ендіктер бойында) ажыратылады. Қысым көрсеткіштері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобара (грек тілінде, isos – бірдей, baros – қысым деген мағына береді) деп атайды.

500

Батыс жағалық бөліктерге жазы құрғақ, қысы ылғалды болатын белдеудің жерортатеңіздік климат сипаты тəн. Құрлық ішіне енген сайын климат континентті сипат алады. Шығыс жағалауда климат муссондық сипатқа ауысады.

Субтропиктік белдеу

500

Үнді мұхитында Аустралияның солтүстік-батыс жағалауы мен Кокос аралдары аралығында пайда болатын циклондар

Вилли-вилли

500

Ауа құрамындағы озонның күн радиациясын бойына сіңіруіне байланысты бұл қабатта температура биіктікке қарай биіктеген сайын артады.

Стратосфера

M
e
n
u