I-кезең
II-кезең
III-кезең
IV-кезең
100

Ақша дегеніміз не?

Тауар мен қызметтің құнын өлшейтін және айырбасқа қолданылатын құрал.


100

Инвестиция дегеніміз не?

Пайда табу мақсатында ақша немесе мүлік салу.

100

Қаржылық сауаттылық не үшін қажет?

Қаржылық сауаттылық – табыс пен шығынды бақылап, борышқа батпауға және өз өміріңді тұрақты етуге көмектеседі.

100

Ақшаны қайда салу тиімді?

 Өз біліміңе, дамуыңа және аз болса да инвестицияға. Білім ең жақсы актив.

200

Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?

Теңге

200

Қаржылық сауаттылық деген не?

Ақшаны дұрыс басқару және тиімді пайдалану қабілеті.

200

Қаржыгердің қоғамдағы рөлі қандай?

Қаржыгер экономика дамуына үлес қосады, халық пен кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын сақтауға көмектеседі.

200

Кредит алуға бола ма?

: Егер ол табыс әкелетін мақсатқа (мысалы, бизнес немесе оқу) болса - иә.

300

Бюджет дегеніміз не?

Табыс пен шығынды жоспарлау құжаты

300

Қаржыгер болу үшін қандай қабілеттер керек?

Математикалық ойлау, аналитикалық қабілет, жауапкершілік, ұқыптылық және қаржы саласына қызығушылық қажет.


300

Ақша жинауды неден бастау керек?

Алдымен кіріс пен шығысты жазып ал. Қайда кетіп жатқанын білсең -үнемдеудің жолы табылады.

300

Тенге күні қашан аталып өтіледі?

15-қараша

400

Депозит деген не?

Адам банкте белгілі бір мерзімге салып қоятын ақша.

400

 Қаржыгер қай салада жұмыс істей алады?

Банк жүйесінде, сақтандыру компанияларында, бухгалтерияда, инвестициялық орталықтарда және кез келген кәсіпорында жұмыс істей алады.

400

Ақша жинау неге көп адамға қиын?

Себебі көбісі нақты мақсат қоймайды. Мақсат жоқ жерде мотивация да болмайды.

400

Қаржылық еркіндікке қалай жетуге болады?


1️⃣ Кірісті арттыру

2️⃣ Шығынды бақылау

3️⃣ Жинақ пен инвестицияны тұрақты ету

500

Несие алу кезінде банк не сұрайды?

Табыс туралы анықтама, жеке куәлік және кепіл.

500

Ақшаны үнемдеу дегеніміз не?

Ақшаны үнемдеу – қажетсіз шығыннан бас тартып, қаражатты тиімді жұмсау және болашаққа қор жинау.


500

Көп табыс табу байлық па?

Жоқ. Байлық — табысты емес, оны қалай басқаратыныңды көрсетеді.

500

Банктің негізгі қызметі қандай?

 Ақша сақтау, несие беру және төлем жасау қызметтерін ұсын

M
e
n
u