Санның екінші және үшінші дәрежелерін қалай атайды?
Санның квадраты және санның кубы
Квадраттық функцияның графигі қалай аталады?
Парабола
Кесінді деген не
Түзу бойындағы екі нүкте мен олардың арасында орналасқан нүктелерден тұратын түзудің бөлігі.
Сүйір бұрышты, тікбұрышты, доғал бұрышты
Асемай ит пен мысықтарды өте жақсы көреді. Оның үйінде 10 үй жануары болды. Бір күні Асемай олардың барлығына кампит беруді шешіп, 56 кампит таратып берді. Ол мысықтарға 5, ал иттерге 6 кампиттен берсе, оның үйінде неше ит пен мысық бар.
6 ит, 4 мысық
Негіздері бірдей сандарды көбейткенде және бөлгенде қандай амалдар орындалады?
Дәрежелері қосылады және азайтылады
y=k/x функциясының негізгі қасиеті қандай?
y=k/x функциясы нөлге тең емес
Кесінділердің ұзындығының қасиеттерін атаңыз
1. Тең кесінділердің ұзындықтары тең болады
2. Кесінділердің қосындысының ұзындығы олардың ұзындықтарының қосындысына тең
Үшбұрыштың биссектрисасы деген не?
Үшбұрыштың бір төбесінен шығып, сол төбедегі бұрышты тең екі бөлікке бөлетін және қабырғасымен қосатын кесінді
Калькулятор және өзге де құралдарды қолданбай 1-ден бастап 100-ге дейін барлық сандардың қосындысын қалай тиімді есептеуге болады?
Қосындысы 100-ге тең сандардың жұптарын анықтаймыз, яғни 1 мен 99, 2 мен 98, 3 пен 97 және т.б. Жалпы мұндай 49 жұп бар. 49-ды 100-ге көбейтіп, 150-ге қосамыз. 5050 шығады.
675000000 cанын стандарт түрге келтіріңіз
Параболаның тармақтарының бағыты қандай параметрге тәуелді
y=ax^2 функциясындағы
a>0 немесе а<0 болуына байланысты
Бұрышты салу аксиомасын айқындаңыз
Жартыжазықтықтағы әрбір сәуледен бастап берілген бұрышқа тең тек бір ғана бұрышты салуға болады
Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген биссектрисасы туралы теореманы айтыңыз?
Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген биссектрисасы оның биіктігі де, медианасы да болады.
Мен 10-нан үлкен екітаңбалы сан ойладым. Оның цифрларының қосындысын екіге бөліп, бүтін бөлігін алдым. Сол жағынан 20 тіркедім, 59 қосып, соңғы цифрасын сызып тастап, қалған цифрларының қосындысын есептедім. Менде қандай сан шықты?
8
Бірмүшенің дәрежесін қалай есептейді?
Бірмүшені құрайтын айнымалылардың дәрежелерін қосу арқылы
Квадраттық функцияның мәндер жиыны қандай?
Теріс емес сандар жиыны
Кесіндінің ұзындығы деген не
Бірлік кесіндіні берілген кесіндінің бойына неше рет орналастыруға болатынын көрсететін оң сан
Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісін тұжырымдаңыз
Егер бірінші үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады
Алдыңғы күні Асемайдың жасы 18-де болды. Келесі жылы оның жасы 21-де болады. Бұл қалай мүмкін болады?
Бұл мүмкін болу үшін, бүгін 1-ші қаңтар болуы қажет. Оның туған күні 31-ші желтоқсан болса, алдыңғы күні ол 18-де болды, кеше 19-ға толды. Осы жылы ол 20-ға толса, келесі жылы 21-ге толады.
Көпмүшені құрайтын бірмүшелердің дәрежелерін есептеп, солардың ішіндегіні ең үлкенін анықтау арқылы
Симметриясында
Жазықтықтыға түзу мен нүктелердің өзара орналасуының аксиомасын тұжырымдаңыз
Жазықтықтағы әрбір түзу осы жазықтықты екі бөлікке бөледі. Егер екі нүкте жазықтықтың әр бөлігінде жатса, онда осы нүктелерді қосатын кесінді түзумен қиылысады. Екі нүкте жазықтықтың бір бөлігінде жатса, онда осы нүктелерді қосатын кесінді түзумен қиылыспайды
Үшбұрыштар теңдігінің екінші және үшінші теоремаларының айырмашылығы қандай?
Екінші теоремада бір қабырға мен соған тиісті екі бұрыш қарастырылса, үшінші теоремада үш қабырға қарастырылады.
Үш бөлменің әрқайсының есігінде жазу бар. Есіктерде келесі жазулар орналасқан. Бірінші есік:"Бұл бөлмеде айдаһар отыр" отыр; Екінші есік:"Бұл бөлмеде ханшайым отыр"; Үшінші есік:"Айдаһар екінші бөлмеде отыр". Бұл жазулардың ішінде тек біреуі ғана ақиқат. Ал ханшайым тек бір бөлмеде ғана, қалған бөлмелерде айдаһарлар отыр. Ханшайым қай бөлмеде отыр?
Ханшайым бірінші бөлмеде.