Кг қай шаманың өлшем бірлігі?
салмақ, ауырлық
Сөйлем мүшелерін, олардың сұрақтарын атаңыз.
Бастауыш. Сұрақтары кім? не? кімдер? нелер? Асты бір сызықпен сызылады.–
Баяндауыш. Сұрақтары не істеді? не қылды? қайтті? Асты екі сызықпен сызылады.=
Анықтауыш. Қандай? қай? қанша? неше? кімнің? нені? Асты ирек сызықпен сызылады.~
Толықтауыш. Кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? - - - - - - деп сызылады
Пысықтауыш. Қайда? қайдан? қашан? қалай? қайтіп? не үшін?
-.-.-.-.-.-.-.- деп сызылады.
1931 жылы Алматы қаласы Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген ақиық ақын, аудармашы.
Мұқағали Мақатаев
Өсімдіктің мүшелерін жаз.
Тамыр, сабақ, жеміс, гүл, жапырақ
Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының түрлерін жаз.
ауылшаруашылығына: құсшаруашылығы, малшаруашылығы, балықшаруашылығы, көгөнісшаруашылығы.
Рим цифрімен берілген есепті шеш:XXIV - IX =
XV
Тақырып деген не?
Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні
Орталық Қазақстандағы шөлді даланы атаңыз.
Бетпақдала
Бүйрек, несепағар, қуықтың қызметтерін жаз.
бүйрек - қанды зиянды заттардан тазартып, зәр түзу;
несепағар - бүйректе түзілген зәр осы арқылы қуыққа өтеді;
қуық - зәрді уақытша жинайды, несеп өзегі арқылы сыртқа шығарылады.
Кіріс пен шығыс қалай бөлінеді?
кіріс: тұрақты, ауыспалы
шығыс: жоспарлы, жоспарсыз
24 санының квадратынан 7 санының кубын азайт
576-343=233
Күрделі сөздерді түріне қарай ажыратыңыз:
1)қысқарған сөз 2)тіркесті сөз 3)біріккен сөз 4)қос сөз
а)көзбе-көз ә)балмұздақ б)жүз елу сегіз в)ҚР
1 - в 2 - б
3 - ә 4 - а
"Отамалы" деп нені айтады?
Көктемнің бас кезіндегі ауа райының ең жайсыз мерзімі. Бұл қыс пен көктемнің алмасу мезгілі. Мерзімі жағынан сәуір айының бас кезіне келеді. Ота сөзі - жоқ қылу, құрту деген мағынаны береді. Отамалы өтпей малшылар сақтығын жоғалтпайды.
Желдің ертеден бастап қазіргі уақытқа дейін келе жатқан пайдасын жаз.
Адамдар желді пайдаланып, желкенді кемемен саяхатқа шыққан. Жел диірмендерінде дәнді дақылдарды ұнтақтап, ұн жасаған. Қазіргі кезде желді қуат көзі ретінде пайдаланады. Электр энергиясы өндіріледі. Желдің көменімен өсімдік тұқымы таралады.
Климат деген не? Қандай түрлері бар? Климат гректің қандай сөзінен шыққан?
полярлық, қоңыржай, экваторлық-тропиктік
гректің "клима" - көлбеу деген сөзінен шыққан.Климат Күн сәулесінің Жер бетіне көлбеу түсуіне байланысты қалыптасқан.
Арасы 2 км болатын екі кенттен бір уақытта бірінен-бірі қарама-қарасы бағытқа екі салт атты шықты. Біреуінің жылдамдығы 18 км/сағ, ал екіншісі 23 км/cағ. 4 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?
166 км
Сөйлем мүшелеріне талда:
Бейбіт күн сайын турникке тартылып, ақырында ұршықтай айналатын болды.
Бастауыш, пысықтауыш, толықтауыш, баяндауыш, пысықтауыш, баяндауыш.
Теңеу деген не?
Ұқсас ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа теңеу арқылы қолданатын әдіс.
мысалы: аққудай, мұнтаздай, таудай т.б
"Ақ жарық" деп нені айтады? Оны ең алғаш кім байқаған?
Ол кемпірқосақ. Себебі біз Күн сәулесін ақ жарық ретінде көреміз. Ол жеті түстен құралады. Оны ең алғаш 1672 жылы Исаак Ньютон ашқан. Мұнда су тамшылары призманың рөлін атқарады. Жаңбырдан кейін күн шығып, күннің сәулесі ауадағы мөлдір су тамшылары арқылы өткенде ол жеті түске боялады.
Экологиялық проблемалардың 5 түрін жаз.
Орманның оталуы, ауаның ластануы, судың ластануы, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуы, топырақтың құнсыздануы
Шаршының периметрі 52 см. Шаршының ауданын тап.
169 см2
Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды етістік, сын есім жаса: ой, ақыл
ойлы, ойла, ақылды, ақылдас
"Ер қаруы - бес қаруды" жаз.
шоқпар, найза, қылыш, садақ, айбалта.
Жер бедері деген не? Шың деген не? Ойыс деген не? Ең ірі тау жүйелерін жаз.
Құрлықтағы жердің ойлы-қырлы пішінін жер бедері деп атаймыз. Таудың ең биік нүктесін тау дейміз. құрлықтың теңізден төмен жатқан бөлігін ойыс деп айтамыз. Ең ірі таулар: Гималай, Тянь-Шань, Альпі, Кордильер, Анд таулары.
Экватор және меридиан сызықтары деген не?
Глобустың дәл ортасынан көлденең көк сызық қиып өтеді. Ол экватор деп аталады.
Жердің солтүстік полюсі мен оңтүстік полюсін жалғап жатқан доға тәрізді сызықтар меридиандар деп аталады.