Jaratylys
PRL
SIRA
KK
RNK
100

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета қайсы?

Юпитер.

100

Автор бойынша, әрбір қуаттың (ақыл, ашу, шәһуат) ифрат пен тәфрит арасындағы тепе-тең күйі жалпы қалай аталады?

«Сырат мустақим» (тура жол) — ортаңғы, теңгерімді ұстаным; мысалы, ашу күшінің тепе-теңдігі — шәжағат (ержүректік).

100

Пайғамбарымыз сас неге тек Абу Рухунға жіберді арпа алуға?

Оған дінді түсіндіруге тағы бір мүмкіндік болу үшін

100

Ең бірінші аят қай жерде түсті?

Хира үңгірінде

100

Төртінші сөзде Ұстад 24 алтынды немен теңестіреді?

24 сағатпен. яғни 1 тәуліктегі 24 сағ уақыт


200

Аумағы жағынан әлемдегі ең үлкен және ең кішкентай мемлекеттерді атаңыз

Ең үлкені — Ресей, ең кішкентайы — Ватикан.

200

Кітапта адамның ішкі әлемін реттейтін үш негізгі «қуат» (күш) аталады. Олар қандай?

Ақыл күші (қуат-ақлия), ашу күші (қуат-ғазабия) және шәһуат қуаты (қуат-шаһауия).

200

Яһудилер не үшін Пайғамбарымызбен келісім жасауға көнді?

Соғыстан адамдар қажыған, соғыстан экономикалық баланс бұзылған, 150адам не өзгерте алады деп билік өздерінде болатынына сенімді болды

200

Мүлік сүресінің 2 аятында Аллаһ бізді сынап көру үшін нені жараттым дейді?

Өмір мен өлімді

200

Алтыншы сөзде Ұстад ең пайдалы сауданы айтады, ол қандай сауда?

Жаны мен қолда бар меншігін жаратқан бір Аллаhқа сату жəне Оған адал құл, сенiмдi жауынгер болу, өте тиімді сауда, үлкен абырой, биік лауазым

300

Орта ғасырларда Еуропа халқының үштен бір бөлігін (шамамен 25 миллион адамды) қырып жіберген, тарихта «Қара өлім» деген атпен қалған қауіпті індет қайсы?

Оба (чума) ауруы

300

«Алланың ахлағымен жарақтаныңдар» деген хадис не мағына білдіреді және кітапта бұған қандай мысал келтіріледі (Алланың Кәрим, Рахим есімдеріне қатысты)?

Бұл — Алла адамдармен қалай мәміле етсе, адамдар да өзгелермен солай мәміле етуі керек дегенді білдіреді; мысалы, Алланың Кәрим (жомарт) есімін түйсінген адам өзгелерге жомарттықпен, ал Рахман-Рахим есімдерін түйсінген адам мейірім мен жанашырлықпен қарайды.

300

Пайғамбарымыз сас келген делегация шығынын неге мемлекет атынан төлемеді?

Өзіне келген қонақтар деп санады

300

Ең соңғы толық түскен сүре?

Наср

300

Әлсіз әрі ақылсыз жаратылыстардың (нәрестелердің, құрттардың, кішкентай төлдердің) өздерінен күштірек хайуандардан да керемет әрі ризықты азықтануының сыры неде?

Қара күш пен ептілік емес, керісінше әлсіздік пен бейшаралық.

400

Адам миы дене салмағының шамамен тек 2%-ын ғана құрайды. Бірақ ол ағзаға түсетін бүкіл энергия мен оттегінің қанша пайызын тұтынады?

Шамамен 20%-ын

400

Кітапта адамның өз кемшіліктерін аңғаруына көмектесетін жолдар ретінде қандай тәсілдер аталады (кемінде үшеуін атаңыз)?

Мухасаба (өзін-өзі есепке алу), жақсылық тілеуші адал дос табу, қарсыластар мен сыншылардың сынына құлақ асу, қоғам ішінде өмір сүру, және Құран мен Сүннет «обсерваториясынан» өз мінез-құлқына қарау.

400

Неге Меккеде көбіне яһудилердің оқиғаларына қатысты аяттар түсті?

Алла Тағала мұсылмандарды Мәдинадағы өмірге дайындады

400

Пайғамбарымыз с.а.с хижрет кезінде өз орнына Али р.а жатқызып , торуылдап тұрған мүшріктерге қайсы аятты оқып шығып кетті?

Ясин сүресі 9 аят

400

Аллаға сатудағы ең бірінші пайда қандай?

Фəни байлық мəңгiлiкке айналады.

500

Жер бетіндегі ең улы мақұлық — кобра жыланы немесе қарақұрт емес. Су түбінде тіршілік ететін, уы бір мезетте 20 адамды өлтіре алатын ең улы жәндік қайсы?

Теңіз арасы (Sea Wasp немесе кубомедуза).

500

Әзірет Омардың (р.а.) Хузайфадан (р.а.) сұраған сұрағы арқылы кітапта қандай терең рухани сабақ көрсетіледі?

Әзірет Омар — ұлы халифа бола тұра, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұнафықтарды құпия түрде білдірген Хузайфадан үнемі «мен де солардың қатарындамын ба?» деп сұрап, өзін ешқашан қауіпсіз сезінбей, шейіт болар сәтінде де осы уайымын білдірген — бұл ең үлкен әулиелердің өзі де өзін-өзі үнемі сынап, ешқашан руханиятына мастанбауы керектігін көрсетеді.

500

Мәдинада  яһудилерден не үшін ораза ұстап жүргенін сұрағанда не деп жауап берді?

Перғауынның зұлымдығынан құтылғандарын еске алу оразасы

500

 إِنَّ اللَّهَ اشْتَرَىٰ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ أَنفُسَهُمْ وَأَمْوَالَهُم بِأَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ ۚ

аудармасы қандай?

Расында, Алла мүміндердің жандары мен мал-мүліктерін Жәннатқа айырбастап сатып алды.

500

Мына сөздер арқылы Ұстад қай сөзді түсіндірген?
الصلاة عماد الدين

Намаз – діннің тірегі.

M
e
n
u