Сен TikTok-та бір видеоны көрдің.
Видеодағы ақпарат өте сенімді көрінеді, 2 миллион лайк бар, комментарийлердің бәрі «OMG, правда!» дейді.
👉 Сен оны автоматты түрде шын ақпарат деп қабылдай аласың ба? Неге?
Жоқ. Лайк пен пікір саны ақпараттың шынайылығын дәлелдемейді. Дереккөзін және басқа сенімді ақпарат көздерін тексеру керек.
Алғашқы iPhone қай жылы таныстырылды?
2007
QR-кодтағы QR аббревиатурасы нені білдіреді?
Quick Response — «жылдам жауап».
Адам әдейі өзін өте «крутой» етіп көрсетіп, айналасындағылардың назарын аударуға тырысады. Интернетте мұны қалай атайды?
Aura farming 😎
«Facebook»-ті құрған адамдардың ішінде ең танымалы кім?
Google-дың бастапқы атауы қандай болған?
BackRub
Сен Instagram-нан адамның өте реалистік фотосын көрдің. Бірақ ол адам шын өмірде жоқ болып шықты.
👉 Бұл қазіргі ақпараттық қоғамда қандай жаңа проблема туғызады?
AI-generated misinformation / deepfake, яғни шынайы мен жасанды контентті ажырату қиындайды.
2022 жылы AI арқылы жасалған Théâtre D’opéra Spatial атты жұмыс өнер байқауында жеңіске жетіп, үлкен пікірталас туғызды.
👉 Неліктен бұл оқиға технологиялық қана емес, әлеуметтік мәселе болды?
Авторлық, адамның еңбегі, шығармашылықтың табиғаты және AI-дың адам жұмысын алмастыруы туралы пікірталас туғызды.
Банк карталары, онлайн төлемдер, әлеуметтік желілер, навигация, бұлттағы құжаттар, онлайн-сервистердің көпшілігі жұмыс істемейді.
👉 Сұрақ: Неліктен бұл жай ғана «интернеттің істемеуі» емес, ақпараттық қоғамның жүйелік проблемасына айналады?
Өйткені қазіргі қоғамның көптеген экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттік процестері цифрлық ақпарат алмасуға тәуелді. Интернеттің жаппай тоқтауы байланысқа, қаржы операцияларына, жұмысқа, қызмет көрсетуге және ақпарат алмасуға бір уақытта әсер етеді.
Екі жаңалық арнасы бір оқиғаны көрсетеді. Бірі: «Қалада мыңдаған адам наразылыққа шықты» дейді. Екіншісі: «Қалада тәртіпсіздік орын алды» дейді.
👉 Екеуі де бір оқиғаны айтып тұр, бірақ аудиторияның қабылдауы неге өзгеше болады?
Ақпаратты таңдау, тақырыптау және framing арқылы.
Университет AI қолдануға тыйым салды. Бірақ студенттердің бір бөлігі оны үй тапсырмасын түсіну үшін, екіншілері дайын жауапты көшіру үшін пайдаланады.
👉 Неге «AI қолдану» дегеннің өзі автоматты түрде бірдей әрекет болып саналмайды?
Қолдану мақсаты мен тәсілі әртүрлі: оқу құралы ретінде пайдалану мен академиялық жұмысты толықтай AI-ға орындату бір нәрсе емес.
Адам әлеуметтік желіде ештеңе жарияламайды. Бірақ оның лайктары, іздеулері, орналасуы және сайттарға кіру тарихы сақталады.
👉 Бұл ақпараттық қоғамдағы қандай мәселені көрсетеді?
Цифрлық із, жеке деректердің құпиялылығы және деректерді бақылау.
1960 жылғы АҚШ президенттік дебатында теледидар мен радио арқылы көрген аудиторияның кандидаттарды қабылдауында айырмашылық болғаны жиі мысал ретінде келтіріледі.
👉 Бұл оқиға медианың қандай ерекшелігін көрсетеді?
Ақпаратты қабылдауда визуалды фактордың және медианың қоғамдық пікірге ықпалының маңызын.
Әлеуметтік желілер адамдарды бір-біріне бұрынғыдан да жақындатты. Бірақ сонымен бірге жалғыздық пен әлеуметтік оқшаулану туралы пікірталастар күшейді.
👉 Бір технологияның бір уақытта байланысты күшейтіп, оқшаулануды да күшейтуі қалай мүмкін?
Әлеуметтік желілер адамдар арасындағы байланысты жеңілдетеді, өйткені олар қашықтыққа қарамастан сөйлесуге, ақпарат бөлісуге мүмкіндік береді. Бірақ онлайн қарым-қатынас бетпе-бет араласуды азайтып, адамның әлеуметтік ортасын тек виртуалды ортаға шектеуі мүмкін.
Елде интернетке қолжетімділік бар, бірақ ауылдағы мектептерде жылдамдық төмен, құрылғылар аз, ал оқушылардың цифрлық сауаттылығы әртүрлі.
👉 Бұл жай ғана «интернет мәселесі» ме, әлде қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің жаңа формасы ма? Дәлелде.
Бұл — цифрлық теңсіздік (digital divide). Ол технологияға физикалық қолжетімділіктен бөлек, оны тиімді пайдалану мүмкіндігіндегі айырмашылықтарды да қамтиды.