Әліпбиде неше әріп бар?
Әліпбиде 42 әріп бар.
Қарбыз сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
6 әріп, 6 дыбыс
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, ...
сөз жіңішке айтылады: үй, көгершін, өнер
Сөз неден құралады?
Сөз дыбыстан құралады.
Жуан дауысты дыбыстар:
а,о,ұ,ы
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, ...
сонша буын болады: ер, жаң-ғақ
Дыбыстарды не істейміз?
Дыбыстарды айтамыз, естиміз.
Жіңішке дауысты дыбыстар:
ә, е, ө, ү, і
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.
Балалар, тепті, сырғанақ.
Балалар сырғанақ тепті.
Дыбыстар жазуда немен таңбаланады?
Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады.
Мақалды жалғастыр.
Күннің шуағы - жылы
Ананың құшағы - жылы
Шиқылдайтын не? Қаз, үйрек, торғай
торғай
Әріптерді не істейміз?
Әріптерді көреміз, жазамыз.
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, ...
сөз жуан айтылады: айна, жылқы
Сырғанақ сөзінде неше буын бар?
Сыр-ға-нақ, 3 буын