"Ер қаруы-бес қару" деп қандай қару- жарақ түрін атаймыз?
а)садақ, шоқпар, найза, қылыш, айбалта
Ауыз әдебиетінен қандай батырлар жырын білесіздер? Есімдерін айта кетсеңіздер?
Манас, Алпамыс, Қобыланды
«Жаужүрек Мың бала» көркем фильмі қай батыр туралы түсірілген?
Сартай Батыр
Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
Бауыржан Момышұлы

Жау жоқта – батыр көп,
Дау жоқта – ...............
ақыл көп
"Адырна" дегенімізне?
ату қаруы жақтың (садақтың) негізгі ату функциясын атқаратын серпінді бөлігі.
Тебінгіні теріс салмай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!-қай батыр ақыңымыздың өлең жолдары?
Махамбет Өтемісұлы
Тарихи кинофильм түсіретін қазақстанның атақты кинорежиссері?
Ақан Сатаев
Қазақ даласында не көп — бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ.
Шоқан Уәлиханов
Ақынның хаты өлмейді,
.................................
Батырдың аты өлмейді
Балтаның қандай түрлерін білесіздер?
1-шой балта, 2-ақ балта, 3-шот балта, 4-қуыс балта, 5-ағаш шабуға арналған балта.
Қобыланды батыр
Елімізде қандай тарихи кинофильмдерді білесіздер және көрдіңіздер көрген тарихи кинофильмдеріңізден қандай әсер алдыңыздар?
Қазақ хандығы, Жерұйық, Мұстафа Шоқай, Шыңғыс хан, Жау жүрек мыңбала
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.
Мағжан Жұмабаев

Жалаң аттың жалымен,
Жалаң.......................
қылыш жүзімен.
Қазақтың тарихындағы батырлардан кімдерді білесіздер?
Қара керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары.
Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи трилогиясы қалай аталады?Неше бөлімге бөлінеді?
Көшпенділер 3-ке бөлінеді. Алмас қылыш, Жанталас, Қаhар
Көшпенділер кинофильмінде ойнаған жас актерлер?
Артур Төлепов, Асылхан Төлепов
Өзіңді-өзің тану тәрізді, тарихты танып-білу де - қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол - болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады.
Олжас Сүлейменов
Шын батыр ..........үстінде танылар.
сын
Абылай ханның құрметіне бөленіп, қазақ – жоңғар шайқасына қатысып «Батыр» атағын алған қазақ батыры
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
... Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай бопты,
Төрт түлігі сай бопты.
Тоқсан мың екен қорасы,
Мұрындық, ноқта тимеген,
Түйешілер мінбеген
Сексен мың екен маясы.
Шұрқырап жатқан бір жылқы,
Тоғай сайын мың жылқы.
Алпамыс батыр жыры
Әбілқайыр ханның рөлін сомдаған атақты қазақ кино өнерінің тарланы?
актер Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов
Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.
Әлихан Бөкейханов

Батыр қол бастар,
Көсем жол бастар,
.........................
Шешен сөз бастар.