«Технология»сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
texno-өнеркәсіп,шеберлік,logos-ғылым,ілім деген мағынаны білдіреді
«Ұлы дидактика»еңбегінің авторы?
Ян-Амос Коменский
Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым,бір пікірдің біреуін таңдауға,саналы шешім қабылдауға үйрететін технологияның қандай түрі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Проблемалық оқытудың негізін салған кім?
американ философы,психологы,педагогы Дж Дьюи
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі
Оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатыны
Дәстүрлі педагогикадағы мұғалімнің рөлі қандай?
Дайын білімді түсіндіруші,бақылаушы,бағалаушы,тәртіпті қадағалаушы,білім насихаттаушы
Дамыта оқудың негізін қалаған ғалымдар?
Л.С.Выготский,В.В.Давыдов,Д.В.Элконин,Л.В.Занков
Түртіп алу,бес жолды өлең т.б қай оқыту технологиясының стратегиялары?
Сыни тұрғыдан ойлау
Шаталовтың технологиялық әдістері
Тірек ұғымдар,сызбалар
Сынып жетекшісі ретінде тәрбиеші өз жұмысында қандай тәрбие технологияларын қолдана алады?
Ұжымдық шығармашылық жұмыс,топтық проблемалық жұмыстар,қарым-қатынас тренингі және т.б.