Әдебиет
Музыка
Салт-дәстүр
Кино әлемі
Логикалық сұрақтар
10

      Қай ақынның жас кезі?

Абай Құнанбайұлы

10

Күйдің авторы кім?


Махамбет Өтемісұлы «Жұмыр қылыш»

10

«Ұйқыашар» деген не?  

Бойжеткендердің жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы

10

«Міржақып. Оян, қазақ!», «Ұлт ұстазы» тарихи телехикаяларының қоюшы режиссёры кім?

Мұрат Есжан

10

Тұсауды ер кісіге кестіреді ме? Әйел кісіге кестіреді ме?

Екеуіне де кестіреді

20

Кімнің өлерде жазған хаты?

Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың

Есіңе ал,дұғаңа мен ынтызармын.

Қош сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,                                 

Шұғаның Әбдірахманға жазған хаты

20

Әннің атауы қандай? Авторы кім?


 "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек"
Авторы: Ш. Құдайбердіұлы

20

"Отыз омыртқаң жылдам бекісін,

қырық қабырғаң жылдам қатсын" - деген тілек қай кезде айтылады?

«Қырқынан шығару»

20

«Қыз Жібек» фильміндегі Төлегеннің рөлін ойнаған актёр кім?


Құман Тастанбеков

20

    Суреттегі тұлғалар кімдер?

Абай мен Шәкәрім

30

«Шұғаның белгісі» хикаясы бұрын қалай аталды?

«Тарғыл өгіз сойған»

30

«Мақпал» әнінің авторы кім?


Үкілі Ыбырай

30

Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келгенде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді. Бұл жерден ұмыт болған қай дәстүрді көреміз?

Аунату

30

«Міржақып. Оян, қазақ!» киносындағы басты кейіпкердің рөлін ойнаған актёр кім?


Бақыт Қажыбаев

30

Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды? Ол не?

Жол

40

«Зар заман ақындары» - деп баға берген жазушы кім?

Мұхтар Әуезов

40

Шәкәрімге домбыра тартуды үйреткен кім?

Ағасы Әмір

40

"Бәсіре" дегеніміз не?

Шаңырақта ұл бала дүниеге келгенде сол күндері туған құлынды немесе ботаны «Нәрестенің бәсіресі» деп атау салты болған

40

Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш» киносындағы басты рөлді сомдаған актёр кім?


Сүйменқұл Чокморов

40

Екі әріптен тұратын әшекей? 

Ою

50

Балаларыма өсиет:

Қылмаңыздар кепиет.

Бірлігіңнен айырылма,

Бірлікте бар қасиет

Татулық болар береке

Қылмасын жұрт келеке                                                               

Араз болсаң алты ауыз

Еліңе кірген әреке

 Толғаудың авторы кім?

Ақтамберді жырау

50

«Тау ішінде» әнінің авторы кім?


С. Сейфуллин


50

"Аушадияр" дегеніміз не?

Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең-жыр

50

Кеңес уақытында түсірілген қазақ комедиясы?

«Тақиялы періште»

50

Күні бойы бір сұрақ қойып, бірақ әр сұрағанда әртүрлі жауап алатын қандай сұрақ? 

Сағат қанша болды?

M
e
n
u