1
2
3
4
100

"Ұлпан" романы қай жылы жаpық көрді?

1974 жылы

100

Ұлпанды айттырған кім?

Саудагер Түлен
100

Есеней қанша жыл төсек тартып жатып қайтыс болады?  

9 жыл сал болып жатып қайтыс болды.


100

"Ұлпан" романының идеясы?

Қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті,мейрімділік пен шыдамдылықты,жарына еліне деген сүйіспеншілікті,ұрпақ тәрбиесін бекем ұстаған асыл аналарды дәріптеген

200

Торсанның күшік куйеу болып Есенейдің үйіне кірудегі арам ойын айтыңыз?

Торсан уақ-сыбан елінің жігіті.Есенейден қалған бар байлыққа арам жолмен ие болу

200

Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасын аза тұтып, ас бергізді. Бұл кім?

Сырым батыр

200

«Қыз болса мені құдай ұрды төбемнен. Мен масқара болдым. Бұл – Артықбай батырдың қызы Ұлпан». Кімнің сөзі?

Аңшы Мүсіреп


200

Роман неше бөлімнен, неше тараудан тұрады?

Үш бөлімнен, жиырма төрт тараудан тұрады

300

Есенейдің достарының  бірі.Өзі мерген, шебер, аң аулаудан жанын салмайтын адам?

Аңшы Мүсіреп

300

Есенеймен танысқандағы Ұлпанның жас мөлшері?

Есенеймен танысқанда 18-20 жасар шамасында болды.
300

Торсанның ұлының есімі кім еді?

Шоқан

300

Қыпша бел,сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы, торғылт келіншек. Бұл кім?

Шынар

400

Жазушы жасаған Ұлпан бейнесі қандай?

Аналардың анасы,ел билеген көсем, сөз бастаған шешен,қоғам қайраткері

400

Есенейдің қасында төрт жолдасы бар еді. Олар кімдер?

Ең сенімді серігі – түрікпен Мүсіреп, алдай елінен –аңшы Мүсіреп, Бекентай батыр және Есенейдің қосалқы атын жетелеп жүретін жас жігіт, «түрікпен» Мүсірептің туған інісі – Кенжетай.


400

Шынар босанған кезде көрімдікке не берді?

Мүсіреп пен Шынар нәрестелі болғанда құтты болсын айта барып, бұлғын ішік жабады. 

400

Ұлпан романынында нешеге жуық образ бар?

тоқсанға жуық

500

"Ұлпан" романының басқа шығармалардан айырмашылығы неде?

Бір уез елді билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы ақылгөй болу - Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет.Ондай кейіпкерлер тарихта болғандығымен ерекшеленеді.

500

Ұлпан дүниеден өткеннен кейін  Торсанның халі қандай еді?

Торсанның үлкен ұлы Шоқан әкесінің зұлымдығына шыдамай, өзін-өзі пышақтап өлтіреді. 

1920 жылы Торсанның өзі өліп,балалары қайыр тілеп ,қаңғып кетті.Алланың "зауалға сауап" дегені осы да!

500

Ұлпан анамен тең түсер кімдерді атауға болар еді?

Төле би келіні-Данагүл,

Шоқанның әжесі- Айғаным,

Абайдың әжесі - Зере

500

Сен Ұлпан бейнесінің өміршеңдігін қалай дәләлдер едің?

Ұлпан бейнесі -мәңгі жасайтын бейне.Себебі, данагөй ананың бейнесі тарихта мәңгі қалды. Ана бейнесін қаламгер шебер жеткізген

M
e
n
u