Геоэкономика дегеніміз не?
бұл мемлекеттердің, аймақтардың және корпорациялардың экономикалық мүдделері мен стратегиялық ықпалын зерттейтін ғылым саласы.
Ядро (Core) елдердің сипаттамасы қандай?
•Экономикалық тұрғыдан дамыған, технологиялық қуатты мемлекеттер.
•Олар жоғары сапалы тауарлар өндіреді және капиталдың негізгі ағыны осы аймақтарға бағытталады.
•Мысалы: Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Жапония.
Әлеуметтік даму көрсеткіштеріне не жатады?
Білім: Елдегі білім деңгейі, мектепке дейінгі және жоғарғы білімге қол жетімділік.
Денсаулық сақтау: Орталық көрсеткіштер: өмір сүру ұзақтығы, балалар өлімі, аурулардың таралуы.
Кедейлік деңгейі: Тұрғындардың қанша пайызы кедейшілік шегінен төмен өмір сүреді.
Инвестициялардың Түрлері: Қаржыландыру Көзіне Қарай неше түрге бөлінеді?
Жеке, мемлекеттік, аралас, шетелдік
Индустриялану кезеңі (XIX ғасырдың ортасы – XX ғасырдың басы) ерекшелігі?
Не арқылы бір елдің екінші елге ықпал етуі мүмкін?
Экономикалық санкциялар, эмбарго немесе инвестициялық саясат арқылы
Периферия (Periphery) елдердің сипаттама қандай?
•Дамушы және экономикалық тұрғыдан әлсіз мемлекеттер.
•Олар негізінен шикізат, арзан жұмыс күші және табиғи ресурстарды ұсынады.
•Периферия елдері ядро елдеріне тәуелді және өз экономикасын дамытуда қиындық көреді. Мысалы, Африка, Латын Америкасы елдері.
Шетелдік инвестицияларға не жатады?
Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) – шетелдік компаниялардың елге капитал салу көрсеткіші.
Салааралық Әртараптандыру дегеніміз не және мысал келтір?
Экономикалық даму тек бір салаға немесе секторға сүйенбеуі керек. Мысалы, мұнай өндіруші елдер (мысалы, Сауд Арабиясы) әртараптандыру арқылы экономикасын нығайтуға тырысуда. Бұған қатысты басты мысалдардың бірі — Норвегияның мұнай ресурстарын басқаруы және осы ресурстардан түскен табыстарды басқа салаларды дамытуға бағыттауы.
Қазіргі кезеңнің (XX ғасырдың ортасы – қазіргі уақыт) өнеркәсіптік ерекшелігі
Ғаламдану, ақпарттық революция, трансұлттық корпороциялар
Елдер арасындағы бәсекелестіктің негізгі нысаны?
Табиғи ресурстар (мұнай, газ, су, сирек металдар)
Жартылай периферия (Semi-periphery)
•Бұл аймақтар ядро мен периферия арасында аралық рөл атқарады.
•Олар экономикалық тұрғыдан белгілі бір деңгейде дамыған, бірақ толық ядроға айналмаған.
•Мысалы, Қытай, Бразилия, Үндістан.
Инфляция деңгейі деген не?
Инфляция – тауарлар мен қызметтердің орташа бағасының уақыт ішінде өсуі.
Әлеуметтік Саясатқа не жатады?
Қоғамның әл-ауқатын арттыру, жұмыссыздықты төмендету, әлеуметтік қорғауды дамыту
Шаруашылық түрлері нешеге және қандай түрге бөлінеді?
Алғашқы сектор
Табиғи ресурстарды тікелей пайдалану арқылы тауарлар өндіреді.
Екінші сектор
Табиғи ресурстарды өңдеу, өнімдер өндіру, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылады.
Үшінші сектор
Қызмет көрсету саласында өнімдер мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыну жұмыстары атқарылады.
Технологиялық бәсекелестікке не жатады?
Заманауи геоэкономикада технологиялық үстемдік пен инновацияға ие болу маңызды. Мысалы, цифрлық экономика, жасанды интеллект және жасыл технологиялар саласындағы алпауыттар арасында бәсекелестік күшейіп келеді.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)ЖІӨ дегеніміз не?
Елдегі барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы құны.
Нарықтық экономикаға дегеніміз не және негізгі принцптерін ата?
Нарықтық экономикада жеке меншік, бәсекелестік және еркін сауда жүйесі негізінде экономиканың жұмыс істеуі көзделеді
Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы неше және қандай кезеңдерге бөлінеді?
Индустрияландыруға дейінгі кезең
(XV-XVIII ғасырлар)
Индустриялану кезеңі (XIX ғасырдың ортасы – XX ғасырдың басы)
Қазіргі кезең (XX ғасырдың ортасы – қазіргі уақыт)
Жасанды интелекті қандай салаларда қолданылады және мысал келтір?
Өндіріс түрлері, медицина саласы, білім саласы, қаржы, экономика саласы
Иммануил Валлерстайнның экономикалық моделі бойынша елдер неше категорияға бөлінеді?
Ядролық елдер, перифериялық елдер, жартылай перифериялық елдер
Сауда балансы деп нені атаймыз?
Экспорт пен импорттың ара қатынасы. Егер экспорт импорттан көп болса, елдің экономикалық жағдайы оң.
Инвестицилар түрлеріне қарай нешеге бөлінеді?
Өндірістік, қаржылық, инновациялық, әлеуметтік
Индустрияландыруға дейінгі кезең қандай шаруашылықтар негізгі болып табылды?
ауыл шаруашылығы мен қол еңбегіне және тау кен өнеркәсібіне негізделді.
Екі әке мен екі баласы 3 апельсин сатып алды. Әрқайсысына 1 апельсиннен тиді. Ол қалай болуы мүмкін?
мұнда әңгіме атасы, әкесі және баласы жайлы