Мен, сен, ол деген сөздер қай есімдіктің түріне жатады?
Бұл сөздер жіктеу есімдігіне жатады.
Өз есімдігі қандай тұлғаларда қолданылады?
Өз есімдігі тәуелденіп: сенің өзің, көптеліп: өздері, септеліп: өзімнің түрінде қолданылады.
Сілтеу есімдіктерін атап беріңіз.
Бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау.
Барша, бүтін, барлық деген сөздер қай есімдіктің түріне жатады?
Бұл сөздер жалпылау есімдігіне жатады.
Сұрау есімдігі дегеніміз не?
Жауап алу мақсатымен қойылған кім? не? қандай? қанша? қай? сияқты сұрақ мәнді сөздер сұрау есімдігі болып табылады.
Белгісіздік есімдіктерінің ерекшелігі қандай?
Белгісіздік есімдіктері нақты біреуді немесе бір затты білдірмейді. Оларға біреу, кейбіреулер, әлдекім, әлдене, әркім, әрқашан, кейбір, бірнеше сөздері жатады.
Сілтеу есімдіктері қандай мағыналарда қолданылады?
Сілтеу есімдіктері нұсқау, меңзеу, көрсету мағыналарын білдіреді.
«Қайдан» және «не?» сөздері қай есімдіктің түріне жатады?
Бұл сөздер сұрау есімдігіне жатады.