1
2
3
4
5
100

Қажымұқан Мұңайтпасұлы қашан, қай жерде, қандай отбасында дүниеге келген?

Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданып жұмыс істеп ер жетеді.

100

Әкесі аты-жөні кім, қандай адам болған, болашақ балуанға қандай есім берген?

Әкесінің тегі Ернақұлы Мұңайтпас, қарапайым, еңбекқор, момын адам, перзентіне Мұқан есімін берген.

100

Кімнің тәрбиесінде болды, не себепті?

Анасы Кәбира ерте дүниеден өтеді, сол себепті әжесі Айсарының тәрбиесінде болады.

100

Қажымұқан Мұңайтпасұлы өмірге келгенде тарихта қандай кезең болды? Ол қанша рет, қандай атауларымен өтті, қай жылдары болды?

1867-68 жж. «Кіші қоян жұты», 1879-1880 жж. «Ұлы қоян жұты», 1891-1892 жж. «Кіші қон жұты», 1915-1916 жж. «Тақыр қоян жұты» болып көптеген шаңырақты шайқалтып жіберді.

100

Неше жасынан еңбекке араласты?

10 жасынан еңбекке араласып, әкесінің қолқанаты болды.

200

Мұқанның бала кезіндегі арманы не еді?

Жиын-тойларда өзі секілді балалармен күресу.

200

Мұқанның балуандар күресі ең алдымен елдің намысы екенін түсінгені қай жерде, кімнің асында түсінді?

Қараөткелде, бір ауқаттың кісінің асында.

200

Орлий Масликовтың тапсырмасын орындаудағы ерлігі не?

Діттеген жеріне аттарды шөптің үстіне лақтырып, шөп тиеген шананы өзі тартып, сүйреп әкелген.

200

«Қажымұқан» повесінің авторы кім?

Қалмақан Әбдіқадыров

200

Омбы циркінде қандай өрескел қимыл көрсетті,осы әрекетінен мінезінде қандай ерекшелікті байқадыңдар?

Кезекші күштеп кеудесінен итереді, Мұқан мұндай қорлыққа шыдамай кезекшіні қаңбақтай ұшырады.

300

Ең алғаш қай елге келді, Омбы циркінде кімнің інісімен күресті, жекпе-жек немен аяқталды?

Цирк директоры Злобиннің інісі Андрей Злобинмен күресіп, жеңді.

300

«Сен күрес үшін, цирк үшін жаралғансың, Мұқан!» деген кім?

Андрей Злобин

300

1903 жылы қай елдің астанасына барды, бірақ онан бұрын қай елге барды?

1903 жылы Петерборға, алдымен Қазанға барып, татар палуандарымен күресті.

300

Иван Лебедевтің мектебінде қандай күрестің қыр- сырын меңгереді?

Француз күресінің қыр-сырын меңгеріп, күрестің тероиясы мен тактикасын үйренеді.

300

Неше жасында мықты палуан ретінде таныла бастады?

Мұңайтпасұлы 17 жасқа толмай жатып, мықты палуан ретінде таныла бастады.

400

Қай жылы, қай жерде французша халықаралық күрес өтті?

1904 жылы Харбинде французша халықаралық жарыс өтті.

400

Токиада өткен халықаралық жарыста жапондар Қажымұқанға қандай орден берді?

Жапондар Қажымұқан кеудесіне Манжурия орденін тақты.

400

Қай жылы, қай жерде Еуропа чемпионаты өтті?

1906 жылы Германия астанасы Берлинде Еуропа чемпионаты өтті.

400

Латвия астанасы Ригада өткен турнирден кейін өмірінде қандай өзгеріс болды?

Латвияда жарыстан кейін болашақ жары Надежда Чепковскаямен жолықты.

400

Лурих мол ақша табу үшін балуандарды қандай жолдармен жарнамалайтын? Мысал келтіріп, жауап беріңдер.

Мақсатына жету үшін балуандардың ар-намысын қорлаудан да тайынбайтын. Мәселен, Циклоп деген балуанға шикі ет жегізетін. Оны көпшілікке «үңгір адамынан қалған соңғы тұяқ», ал Мұқанды «Шығысұлы - жапон Муханура» деп таныстырады.

500

Мұқан Стамбулда кімнің жауырынын жерге тигізді?Түрік палуанын портретін сипаттап беріңдер.

Түрік палуанының мықтысы Нурулла (Нурула) Хасан деген балуан. Нурулла бой 2 метрден асатын, еңгезердей, қарулы, үстінде қара барқыт шапан.

500

Мұқан қалай Қажымұқан атанды?

Нурулла жарыста жеңілгеннен кейін түріктер Мұқанға жанкүйер бола бастады. Сөйтіп, түріктің патшасы мен мүфтиі Мұқанды Құрбан айт мейрамына орай Жиддаға (қазіргі Сауд Арабиясындағы қала) жарысқа шақырады. Жарыс шығынын түріктер көтерді. Жиддаға бармас бұрын олар алдымен Меккеге барып, қажылық рәсімін өтеді. Қажылықтан келгеннен кейін Мұқан есімінің алдына «қажы» сөзі қосылды.

500

Мұқанның 18 балуанды баудай ұшырған күресі қай жерде қай жылы өтті?

1913 жылы Троицк қаласында.

500

1914 жылы Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен жарыста Қажымұқанға кімдер кепіл болды?

Семейден арнайы Нижний Новгородтағы жәрмеңкеге арнайы келген ағайынды Нұрлан, Абдолла Есбергеновтер болды.

500

Батыр балуанға «Қажымұқан» поэмасын жазды?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

M
e
n
u