І.Жансүгіров қвй жылы,қай жерде дүниеге келген?
І. Жансүгіров 1894 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген
Көсемше дегеніміз не?
Көсемше – етістіктің бір түрі, ол қимылдың, іс-әрекеттің қалай орындалғанын немесе орындалып жатқанын білдіреді.
"Жетісу суреттері" өлеңі қай жылы жазылған?
Бұл өлең 1930 жылдары жазылған.
Көсемшенің негізгі қызметі қандай?
Пысықтауыш (қимылдың қалай орындалғанын білдіреді).
"Жетісу суреттері" өлеңінде ақын қандай көріністерді сипаттайды?
Ақын Жетісудың табиғаты, кең даласы, тау-тастары, өзен-сулары, мал жайылған жайлаулары туралы суреттейді.
Көсемшенің жасалу жолы қандай№ Жұрнақтарын ата
-п, -ып, -іп (мысалы: оқып, айтып, көріп).
-а, -е, -й (мысалы: жүре, күле, ойнай).
"Жетісу суреттері" өлеңі неше бөлімнен, неше жолдан тұрады?
"Жетісу суреттері" өлеңі -бес бөлімнен, 333 жолдан тұрады.
Көсемше мен есімшенің айырмашылығы неде?
Көсемше мен есімшенің айырмашылығын жасалу жолдары, жұрнақтарына қарай ажыратамыз.
Ілияс Жансүгіров қандай жанрларда еңбек етті?
Ілияс- поэзия, проза, драматургия және аударма саласында еңбек етті.
Көсемше сөйлемде бастауыш бола ала ма?
Көсемше сөйлемде бастауыш қызметін атқармайды.