Excel-де ұяшықтың ішіндегі бірдей мәндерді автоматты түрде табу және бөлектеу үшін қандай құрал қолданылады?
Шартты пішімдеу — өзінің шартты параметрлері арқылы кесте мәндерін ерекшелеу құралы.
Свич дегеніміз не?
Коммутатор (switch) – бірнеше сегментті біріктіруге арналған құрылғы.Коммутаторы бар желі өнімділігі жəне қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Коммутатор арқылы жіберілген деректер басқа қолға түспейалушыға тікелей барады.
Python-да тізімдегі элементтер санын анықтау үшін қандай функция қолданылады?
len() функциясы
Берілген программа бойынша жұмыс істейтін қарапайым «миы» бар, ақпаратты өңдеуге арналған электрондық құрылғы қалай аталады?
КОМПЬЮТЕР
Python массивінің соңына жаңа элемент қосу үшін қай әдіс пайдаланылады?
.append(X)
Excel-дің ЕСЛИ функциясының құрылымы қандай?
ЕГЕР(шарт, сәтті нәтиже, сәтсіз нәтиже)
Коммутаторлар желіге компьютерлерді біріктіру үшін қандай топологияны қолданады?
Комутаторлар практикада жиі қолданылатын “жұлдызша” сызбасына сəйкес компьютерлерді біртұтас желіге біріктіру үшін пайдалады.
Python-да бір ғана сөзді немесе символды құрайтын деректер типі қалай аталады?
string
Кэш жады қайда орналасады?
Кэш жады әдетте процессордың (CPU) ішінде немесе оған өте жақын орналасады.
Python массивіндегі белгілі бір индекстегі элементті өшіру үшін қандай әдіс қолданылады?
.pop(i)
Статистикалық функцияларды атаңыз.
=МАКС(А2:В3)– аралықтағы максимумды анықтайды
=МИН(А2:В3) – аралықтағы минимумды анықтайды
=СРЗНАЧ(64:G6) – аралықтағы сандардың арифметикалық ортасы
=СЧЕТЕСЛИ(А3:В4;">4”) – берілген шартқа сәйкес келетін диапазон аралығындағы аргументтер санын есептейді
Желінің бізге мәлім 5 түрі бар. Соларды атаңыз.
Дербес желілер (PAN – жекеаймақ желісі).
Жергілікті желілер (LAN –жергілікті желі).
Бір немесе бірнеше көрші ғимараттардағы корпоративтік желілер (CAN – Campus Area Network)
Бір ұйым қалалық желілер (MAN –Metropolitan Area Network)
Жаһандық (ауқымды) желілер (WAN – Wide Area Network).
For циклінің максималды қанша параметрі бар? Оларды атаңыз.
Басы-Соңы-Қадам (start-stop-step)
Шина дегеніміз не? Оның түрлерін атаңыз.
Шина – компьютер құрылғылары арасындағы электрлік сигналдарды басқаратын әрі олар арқылы деректер тасымалдауды жүзеге асыратын жалғастыру арналары
Шинаның үш түрі бар: деректер шинасы , адрестік шина, командалық шина
Адрестік шина: жад адресін жеткізуге арналған жалпы шинаның бөлігін немесе енгізу-шығару порты
Деректер шинасы: деректердің екілік разрядатарын компьютер құрылғаларының арасында параллель жеткізуге арналған жалпы шинаның бөлігі
Python массивіндегі белгілі бір мәнге тең элементті өшіру үшін қандай әдіс пайдаланылады?
.remove(X)
Excel-де бір ұяшықтағы мәнді екінші ұяшыққа көшіру үшін қандай пернелер тіркесімін қолданамыз?
Excel бағдарламасында Ctrl + D пернелерін басқанда, таңдалған ұяшыққа жоғарыдағы ұяшықтағы мазмұн көшіріледі. Бұл перне комбинациясы бағанадағы ұяшықтарға сол жоғарыдағы ұяшықтағы мәнді немесе формуаны жылдам көшіруге ыңғайлы.
Коммутатор (Switch) мен концентратор (Hub) арасындағы айырмашылық қандай?
Коммутатор деректерді тек қажетті құрылғыға жібереді, ал концентратор (Hub) деректерді барлық порттарға таратады, сондықтан желі трафигі артық жүктелуі мүмкін.
Функция мен процедураның айырмашылығы?
1) Процедура - қажетті операцияларды орындап болған соң, тізімдегі параметрлерге нəтижені қайта жазады.
2) Функция - да осы айтылғандарды орындап, оған қосымша нəтижені өзіне меншіктелген мəнге қайтарады.
BIOS атқаратын қызметтер қандай?
Компьютерді іске қосқанда автоматты тестілеуді орындайды
Аппараттық құралдардың параметрлерін баптайды
Операциялық жүйені дискіден орнатады
Жүйелік, аппараттық үзілулердің қызметін қамтамасыз етеді
Python массивіне белгілі бір индекстегі орынға жаңа элемент қосу үшін қандай әдіс пайдаланылады?
.insert(i, X)
VLOOKUP және HLOOKUP функцияларының айырмашылығы неде?
VLOOKUP баған бойынша тік іздеу жүргізеді, ал HLOOKUP жол бойынша көлденең іздеу жүргізеді.
IP-мекенжайлар статикалық жəне динамикалық болып бөлінеді. Екеуінің айырмашылығы қандай?
Статикалық (тұрақты) мекенжай – компьютер əрбір желіге қосылған сайын оған қызмет ететін провайдер компаниясы бір ғана мекенжай тағайындап беріп отыратын IP-мекенжай.
Динамикалық (тұрақсыз) мекенжай – белгілі бір шектеулі уақытқа ғана провайдермен берілетін мекенжай.
Программаның орындалу уақытына байланысты қандай қате шығады?
Программаның орындалу уақытына байланысты - мысалы компьютерде жоқ файлды іздеукезінде, программа оны таба алмай Run-time error шығады. Цикл шексіз орындала берсе, run-time error болады
Компьютердің жұмыс істеуін сипаттайтын негізгі төрт қағида қандай?
1. Екілік кодтау қағидасы. Компьютердегі барлық ақпарат екілік код түрінде сакталады (0 және 1). 2. Жадтын біркелкілік қағидасы. Деректер мен орындаушы кодтардың бірге сақталуы.
3. Адрестік қағидасы. Компьютердің барлықжадындағы деректердін қолжетімділігі.
4. Программалық басқару қағидасы. Компьютерде орындалатын есептер алгоритмдер көмегімен шешіледі.
Python массивінде белгілі бір мәннің қанша рет кездесетінін анықтау үшін қай әдіс қолданылады?
.count(X)