Жалпыұлттық қор қай жылы құрылды?
1997 жылы
Дағдарыс дегеніміз не?
Белгілі бір мәселенің қиыншылыққа айналуы,ушығуы
Неліктен 90-жылдары елде экономикалық дағдарыс орын алды?
Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде қиыншылықтар пайда болып,өмір сүру деңгейі нашарлады,жүргізілген ақша реформасы пайда әкелмей,керісінше ақша қорын құнсыздандырды,адамдардың жалақылары уақытынан кешіктірілді.
2009 жылы Үкімет дағдарысқа қарсы іс-шаралар негізінде не дайындады?
Жол картасын
1997 жылғы Н.Ә.Назарбаев жолдауын толық айт.
"Біз жаңа мемлекетті,жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз"
Тұрғын үй алуға қысқамерзімді және ұзақмерзімді несиелер қашаннан бастап берілді?
1993 жылдан бастап
Диаспора деген не?
Өз елінен тыс жерге қоныс аударғандар
Аграрлық сектордың нашарлауына себеп болған жайттарды ата.
Жұмыссыздық көбейді,жеке шаруашылықтар баяу қалыптасты,ауылдағы халық қалаға көшіп,аграрлық секторды керек қылатындар азайды.
2005-2007 жылдарға арналған ҚР-дағы әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасы нәтижесінде не өзгерді?
Зейнетақы,шәкіртақы,кейбір жәрдемақы түрлері мен еңбекақы мөлшері артты.
"Қазақстан-2030" ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асырудың екі кезеңінің уақыты
1 кезең-2010 жылға дейінгі Даму
2 кезең-2020 жылға дейінгі даму
Нұрлы көш бағдарламасы қашан,қай күні бекітілді?
2008 жыл 2 желтоқсан
Инфрақұрылым дегеніміз не?
Экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы(мысалы өндірістік инрақұрылым-жолдар,көлік,байланыс,электрмен қамту желісі)
"Қазақстан-2030" стратегиясы не үшін қабылданды?
Ұзақ жылдар ішінде нақты мақсаттар қойып,сол арқылы дамушы елдер дамыған елге айналу үшін
1991жылы Мәскеудегі қазақ жастары қандай жұмысты бастады?
"Мұрагер"мәдени қоғамы жұмысы
1998-200 жылдарға арналған басымды мақсаттарды ата.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту,ауылдың өткір проблемаларын шешу,кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес,ішкі саяси тұрақтылықты сақтау,әлеуметтік реформаларды аяқтау,қолайлы инвестициялық ахуал туғызу,сыбайлас жемқорлық пен қиянатқа қарсы күресті күшейту
Диаспора кезінде адамдар қай елге көшірілді және қанша адам көшірілді?
Өзбекстан(1,5млн) Ресей(800мың) Түрікменстан,Қырғызстан,Тәжікстан т.б.елдерле (180 мыңға жуық)
Ирредент деген не?
Ирредент-этностың өз тарихи Отанында тұрып жатқанымен,ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп,соған байланысты сол елде қалып қойған этникалық аз топ.
Дүниежүзі қазақтары құрылтайының өтуіне не себеп болды?
Бұл құрылтай шетелде тұратын отандастарды қолдау бағдарламасын құруды ойластыру үшін,этникалық қазақтарды тарихи отанына көшіру үшін,шетелдік және өзіміздің отандас жастардың оқу орындарында жаңа мүмкіндіктер қарастырып,оларды қолдау мақсатында өтті
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында қандай өзгерістерді жүзеге асыру қарастырылды?
Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі, гуманитарлық бағыттағы үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару,"Туған жер","Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы","Жаһандық әлемдегі замануи қазақстандық мәдениет" бағдарламаларын іске асыру
"Қазақстан-2030"стратегиясында неге қар барысы бейнеленген?
Себебі барыс еркіндіктің,биіктіктің,жүйріктіктің,төзімділіктің символы.Еліміз осы қасиеттер арқылы болашағын дамытады.
2009 жылғы Қазақстандағы халық санағының нәтижесі:
16млн адам
Стратегия сөзін түсіндір
Стратегия-бірнеше жыл бұрынғы мақсатқа жоспар құрып,оны белгілі бір әдістер арқылы жүзеге асыру
Н.Ә.Назарбаев болашақ жетістіктерге қол жеткізуі үшін неге дәл осы ұзақмерзімді жеті басым мақсаттарды таңдады?(Ұлттық қауіпсіздік,саяси тұрақтылық,шетелдік инвестицияларды тарту,Қазақстан азаматтарының білімі,денсаулығы,әл-ауқаты,энергетика ресурстары,инфрақұрылым,адал кәсіп.
Себебі бұл жеті басым мақсат орындалмаса,біз ешқашан дамыған елге айнала алмаймыз,аумағымыз біреудің қолында болса,саяси тұрақтылық орната алмасақ,шетелдік инвестицияларға сүйенбесек,өзіміздің денсаулығымыз,біліміміз үшін әрекет етпесек,ресурстарды ұтымды пайдалана алмасақ,инфрақұрылымды дұрыстамасақ,кәсіпте адалдық танытпасақ елдің болашағы қараңғы болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР-дағы халық саны қалай өзгерді?
1999 жылғы санақта 14 млн адам
2009 жылғы санақта 16 млн(6,8% өсім)
2021 жылы 19 млн
198-2021 жылдар аралығында 40% өсім
Қ.Тоқаев белгілеген 2023 жылғы мақсаттар.
Аграрлық секторды дамыту,энергетикалық секторды дамыту,азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу,сү үнемдеуші технологияларды енгізу,көлік-логистиканы дамыту,цифрландыру мәселелерін шешу,салықты 30%-ға азайту,білім алуды күшейту